ӨЗБЕКСТАН ОРТАЛЫҚ АЗИЯНЫҢ ЭКОНОМИКАЛЫҚ КӨШБАСШЫСЫ БОЛА МА?
Астана экономикалық форумы аясында өткен дөңгелек үстелде Стратегиялық бастамалар орталығының аға серіктесі Олжас Құдайбергенов Қазақстан үшін төрт жаһандық тегеурінді атады, деп хабарлайды Вaq.kz ақпарат агенттігі LS басылымына сілтеме жасап.
Сарапшы ең басты сын-тегеуріндердің бірі ретінде аймақтағы экономикалық көшбасшылықты Өзбекстан иеленуі мүмкін екендігін атады.
«Өзбекстан инвестор тарту жағынан белсенді болып келе жатқанын байқаймыз. Бұл елдің көп үлесті алып кетуге мүмкіндігі жоғары», - деді Құдайбергенов.Ол оңтүстіктегі көршіміздің экономикалық әлеуеті айтарлықтай жоғары екенін атап өтті. Мәселен, екі елдің демографиялық ахуалын салыстырсақ, жасы 0-29 аралығында өзбекстандықтардың үлесі – 57%, ал қазақстандықтардың үлесі – 46%. Сонымен қатар, салыстырмалы түрде Өзбекстанның сыртқы қарызы да аз - $28 млрд (Қазақстанның қарызы - $167 млрд).
«Өзбекстан мақта өндіру жөнінен бесінші орында, алтын мен уран шығарудан жетінші орында тұр. Жалпы ішкі өнімнің 50%-ын шағын және орта кәсіпкерлік құрайды (Қазақстанда - 20-25%). Сарапшылар елдің транзиттегі басымдығы ұзақ мерзімге инвестиция тартуға мүмкіндік беретінін айтып отыр», - деді Құдайбергенов.Ол сонымен қатар Өзбекстанның валюталық режимін ыңғайландырып, әлемдік банк жүйесіне және визасыз режимге біріге бастағанын атап өтті. Өзбекстан ІТ-саланы қолдауда Беларусьтің жолымен кетті. Сонымен қатар, сарапшының айтуынша, салық жүйесін де айтарлықтай оңай қылып қойды.
«Қазақстанға қатысты айтар болсақ, біздің экономиканың 25%-ы көлеңкеде жатыр. Халықаралық валюта қорының есебі бойынша бұл көрсеткіш - 33%, ал түрлі сарапшылардың пікірінше 45%-ға дейін барады. Экономиканың бақыланбайтын негізгі секторларының қатарында ауыл шаруашылығы, бөлшек сауда бар. Сонымен қатар, өзін жұмыспен қамтығандар да көлеңкеде қалып отыр. Бұл жерде экономиканы көлеңкеден шығаруға шаралар қабылдау керек», - деді сарапшы.Құдайбергенов келесі сын-тегеурін ретінде жаһандық экономикаға көшбасшы елдердің сыртқы сауда саясаты потенциалының бірден өзгеруін – протекционизмге (тауарға қымбат салық салу жүйесі) ауысуды атады. Протекционизм мен елдердің санкция енгізу әрекеттерінен кейін үшін тұрмыс пен басқа да тауарлар нарығы жабылады.
Содан соң спикер экономиканы төртінші өнеркәсіптік революция кезеңіне трансформациялауға мән берді. Ол негізгі трендтер Big Data, блокчейн, 3D-баспа, бұлтты технологиялар, виртуалды шынайылық, заттардың интернеті, киберқауіпсіздік, автономиялық роботтардан тұрады.
«Басқа елдер технологияны дамытып, алысқа ұзап кетуі мүмкін. Егер Қазақстан қалып қойса, онда даму барысында оларды қуып жету үшін үзақ уақыт керек», - деді Құдайбергенов.Сарапшы төртінші тегеурін ретінде мұнай үшін ұзақ мерзімді сұраныстың төмендеуі екенін атап өтті.
«Экономиканың тұрақты болуын өсіру үшін бізде үш жол: салық ставкаларын көтеру немесе көлеңкелі экономиканы қысқарту, протекционизм саясаты бар. Бұл кеден салығын ұлғайту, резиденттер үшін салықты азайтуды білдіреді. Бұл – пайдалы. Басқа елдермен қарым-қатынас үшін жаман деген тәуекел де бар. Бірақ тренд бар, сондықтан осы жолды ескеру керек», - деп қорытындылады ол.Ал ресейлік экономист Михаил Хазин салықтық бюджет саясат па, әлде экономикалық өсім маңыздырақ па деген сұрақ қойды.
Сарапшы өз сұрағына жауап бере отырып, 2008 жылдан бері ешбір елде өсім болмағанын айтты. Ол ел өзінің әл-ауқатын жақсартқысы келсе, аймақтық деңгейде экономикалық өсімді қамтамасыз ету үшін салықтық және бюджеттік жүйе қалай болу керек дегенді ойлану керектігін де білдірді.
«Осыны ескере отырып, енді сыртқа бірдеңе сату мүмкін емес. Айтпақшы, мен жасыл экономикаға түбегейлі сенбеймін. Жасыл энергетика биіктеген сайын ол да қымбаттайды. Себебі қор керек. Мен мұнайға деген сұраныс төмендейді дегенге де сенбеймін. Бұл қаржыландыруда қолданылатын нағыз динозаврлар туралы аңыздармен бірдей», - деді Хазин.Ол экономикалық өсімі бар аймақтарды атап өтті.
«Латын Америкасы, Еуроодақ, Үндістан – инфрақұрылымға артық қаржы құйылмаған аймақтар. Қытай үнемі қолдап отыруды қажет ететін инфрақұрылым потенциалын алып тастады. Мысалға, миллиард ақшаға магистраль салып, кейін жыл сайын соның жақсы қалыпта тұруы үшін тағы миллиард құйып отыру керек. Ал егер қытайлықтарды магистральда жүру үшін ақша болмай қалса ше?» - деп сұрады спикер.Сондықтан да Хазин еуразиялық кеңістік аясында АҚШ пен Қытай жабатын шекараларды ашуды маңызды деп санайды.
«Бізге құртып жібермей, барынша қолданылатын интеграциялаудың ұлттық жүйеден жоғары жүйесін құру керек. Міне, осы – шешуді қажет ететін нағыз проблема. Ескі модельдерді құрып, құлдырауға ыңғайлаудың қажеті жоқ. Алдымен өсу, содан соң жүйені құру керек», - деп қорытындылады спикер.