» » ҚЫТАЙ ЖЫЛЫНА 6 МИЛЛИАРД ТАРАҚАН ӨСІРЕДІ

ҚЫТАЙ ЖЫЛЫНА 6 МИЛЛИАРД ТАРАҚАН ӨСІРЕДІ


Көпшілік тарақанды жиіркенішті жәндік деп ойлайды, бірақ қытай фармацевтикасы үшін бұл жақсы бизнес түрі, өйткені ол елде тарақан адам денсаулығына пайдалы болып саналады, деп хабарлайды Baq.kz ақпарат агенттігі newtimes.kz сайтына сілтеме жасап.

Қуырылған тарақанды Қытай мен басқа да Азия мемлекеттері бұрыннан тағам ретінде қолданады, бірақ қазір оларды арнайы фермаларда өсіреді.
Оңтүстік-батыстағы Сичан қаласында фармацевтикалық компаниялардың бірі жыл сайын алты миллиард тарақан өсіреді. Тарақандар көлемі футбол алаңымен бірдей болатын ғимаратта өсіріледі. Ғимарат іші жылы, қараңғы әрі ылғалды. Тарақандар оның ішінде емін-еркін жүреді және қалауынша көбейе береді. Ғимараттың өзі саңылаусыз, оған адамдарға кіруге қатаң түрде тыйым салынған.
Ол жердегі жағдайды бақылайтын арнайы құрылғы бар. Оның мақсаты – тарақандардың тезірек көбеюіне жағдай жасау.
«Қытай тұрғындары қартайып барады. Біз қарияларға арзан бағаға сатып алуға болатын дәрі жасағымыз келеді», - дейді профессор Лю.
Сарапшылар тарақандар фермадан қашып кеткен жағдайда не болуы мүмкін екенін айтты.
«Сол жерде жұмыс істейтіндердің қателігінен немесе жер сілкінісі салдарынан миллиардтаған тарақан еркіндікке шықса, не болатынын елестетудің өзі қиын», - дейді Қытай ғылым академиясының профессоры Чжу Чаодун.
28 сәуір 2018 ж. 9 788 895

canadapharmacy com от 28 наурыз 2022 17:14

international pharmacy от 28 наурыз 2022 19:10

top canadian pharmacies от 29 наурыз 2022 01:01

online medication от 18 мамыр 2022 00:18

pharmacies canada от 23 мамыр 2022 19:16

overseas online pharmacy от 24 мамыр 2022 03:28

canadian drug store от 30 мамыр 2022 14:41