» » ӘЛЕМНІҢ ЕҢ БАЙ БАЛАЛАРЫ

ӘЛЕМНІҢ ЕҢ БАЙ БАЛАЛАРЫ

Кейде балалар ересектерден де көп ақша табатын жағдайлар кездеседі. Ол біз сияқты дамушы елдерде аса көп кездеспейтін, таңсық жайт болса, алып мегаполисі бар елдерде қалыпты жағдай. Міне, сондай туа сап ақшаны сабан етіп табатын балалар тізімін Rich Kids of Today сайты жариялаған.


Тізімде Youtube каналында 3 жылдан бері ойыншықтарды жарнамалап келе жатқан 7 жасар Райан көш бастап тұр. "Ryan Toys Review" арнасында оның жарнамалық бағдарламасы ең көп көрілім жинайды. Райан жылына 11 миллион АҚШ доллары көлемінде табыс табады. Екінші орынды атақты әнші Sia-ның бейнебаяндарында билеп, танымал боп кеткен Мэдди Зиглер иеленді. Оның жылдық табысы – 5 миллион доллар. Үшінші орында жылына 5 миллион долларға жақын қаражат табатын "Stranger Things" сериалындағы актер, 14 жастағы Милли Бобби Броун тұр. Төртінші орынды "Modern Family" сериалындағы рөлімен әр жылы 4 миллион доллар табыс табатын 10 жастағы Обри Андерсон-Эммонс иеленді. Бесінші орын – Финн Вулфард, жылдық табысы – 3 миллион доллар. Алтыншы орын Джейкоб Сарториас – 3 миллион доллар. Кейінгі орындарды Синди Крауфорд пен Каия Жербер иеленген. Олардың жылдық қаржысы – 500 мың доллардан тұрады.
08 шілде 2019 ж. 221 0