Құрылтай

№61 (8975) 15

15 тамыз 2026 ж.

№60 (8974) 11

11 тамыз 2026 ж.

№59 (8973) 8

08 тамыз 2026 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Тамыз 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12
3456789
10111213141516
17181920212223
24252627282930
31 
» » Қызының бетін кім тырнағанын білу үшін камерадағы жазбаны көрген ата-анасының зәре-құты қалмады (видео)

Қызының бетін кім тырнағанын білу үшін камерадағы жазбаны көрген ата-анасының зәре-құты қалмады (видео)

АҚШ-тың Мичиган штатында тұратын отбасы өздерін елес аңдып жүргенін айтады. Таяуда олар 1 жасар қыздары Лилиді ұйықтатып, артынша оны байқау үшін бөлмесіне көрген. Қыздың бетіндегі көгерген із бен бақылау камерасындағы жазбаны көрген ата-анасы тез арада үйден қашуды ойлапты.
Бұл туралы Stan.kz сайтына сілтеме жасаған "Жаңақорған тынысы" газеті хабарлайды.

Хизер Броу түстен кейін Лилиді оятып, оның беті көгеріп қалғанын байқапты. Ол сәбиіне не болғанын анықтау үшін күйеуі Джошпен бірге бейнебақылау камерасындағы жазбаны көреді.
«Лили небәрі 20 минут ұйықтады. Бастапқыда ол бетін өзі тырнап алған болар деп ойладық. Алайда оның қолына қарап, бетін мұншалықты қатты тырнай алмайтынын түсіндік. Бұл осы үйдің бұрынғы иесінің елесі болған сияқты», - дейді Хизер Броу.
Анасы видео кадрларынан Лилидің төсегінің жанынан өтіп бара жатқан ер адамның сұлбасын байқапты. Ендігі отбасы тезірек көшу үшін басқа үй іздестіріп жатыр. Себебі бұл үйде түсініксіз жайттар орын алған алғашқы жағдай емес. Хизердің сөзінше, бұған дейін ол үйден әлдекімнің айқайлағанын, тарсылдатып жүріп, күлгенін естіген. Тіпті, ер адамның бұрқылдап сөйлегенін оянып кеткен кезі де болыпты.

01 сәуір 2019 ж. 1 595 0