Алты жасар қытайлы шаштаразшы
Өзінің жасына қарамастан алты жасар қытайлық Цзян Хунци кез келген стилистпен тайталаса алады. Сән салоны иелерінің мұрагері төрт жасынан бастап шаш сәндеудің шеберлігін үйреніп келеді. Бұл туралы woman.ru сайтына сілтеме жасаған NUR.KZ хабарлайды, – деп жазды «Жаңақорған тынысы» газетінің сайты.
Алты жасар Цзянь Хунцидің ата-анасы Сычуань провинциясы Сунин қаласындағы сән салонына иелік етеді. Сондықтан баланың шаш сәндеу өнеріне жақын болуы таң қаларлық жағдай емес.
Алғашында ол үлкендердің қарауымен жұмыс істесе, қазір ешкімнің көмегінсіз шаш сәндейді екен.
Жас стилистің ата-анасы баланың жұмыс істеу барысын видеоға түсіріп, желіге жариялап отырған екен.
Бірнеше уақыттан кейін шаштараз балақай миллиондаған оқырманның көзайымына айналыпты.
"Өте кішкентай, бірақ өз ісінің маманы", "Мен оның жасында құммен ойнап отырғанмын", "Міне икемділік, керемет!", -деп жазған олар.
Көптеген пікір қалдырушылар Цзянның өздеріне шаш үлгісін жасап беруін қалайтындарын айтқан.
Пікір 914