№100 (8811) 21

21 желтоқсан 2024 ж.

№99 (8810) 14

14 желтоқсан 2024 ж.

№98 (8809) 10

10 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » Электр тамақ. Жаңа ғылыми-фантастикалық диета планетаны құтқара алады - The Guardian

Электр тамақ. Жаңа ғылыми-фантастикалық диета планетаны құтқара алады - The Guardian

   Өсімдік пен жануарлардан алынбаған, өзі өсетін тамақ ғылыми фантастикаға көбірек ұқсайды. Бірақ бұл қоршаған ортаның бұзылуын тоқтатып, планетаны құтқаруға септігін тигізуі мүмкін. Бұл туралы The Guardian басылымының шолушысы жазады. «Осы аптада 1970 жылдан бері қарай тұмса табиғаттағы омыртқалы жануарлардың  60%-ның биологиялық жойылу қаупі артқаны туралы ақпарат шықты. Бұған әсіресе тамақ өнеркәсібінің әсері зор екені де айтылды. Ауыл шаруашылығы мен балық аулау жердегі және теңіздегі экожүйеге кері әсерін тигізіп жатқан негізгі шаруашылыққа айналып отыр», деп жазады колумнист.
ЭлекÑÑ ÑÐ°Ð¼Ð°Ò Ð¿Ð»Ð°Ð½ÐµÑÐ°Ð½Ñ ÒÒ±ÑÒаÑа ала ма - ÓлемдÑк баÑпаÑөзге ÑолÑ
   Оның айтуынша, бұл экологиялық проблеманы шешу үшін ауыл шаруашылығы мен балық шаруашылығының деңгейін азайту керек. Бұл өз кезегінде белгілі бір «диетаны» қажет етеді. Сонымен қатар климаттың бұзылуын тоқтату үшін де белгілі бір шараларды қолға алу керек. Жақында ғалымдар жаһандық температура 1,5 ° С артса, жағдайдың нашарлайтынын айтқан еді. «Климаттың өзгеруіне қарсы тұру үшін ормандарды көбейту керек. Белгілі бір диета да қажет етіледі. Дегенмен, біз өсімдік негізіндегі диета, ауыл шаруашылығы секілді шеңберден шыға аламыз ба? Ауадан тамақ жасау мүмкін бе? Ал электр тогынан тамақ өндіру ше?» деп жазады автор. Расында бұл бір ғылыми фантастикалық дүниеге ұқсайды. Дегенмен, оның ауылы да алыс емес секілді. «Былтыр фин зерттеушілері тамақ өндірісінде жануарлар мен өсімдіктердің орнына су бактерияларын, электр тогын, көмірқышқыл газын, минералдарды қолданатын  жобаны қолға алды. Олар өндіретін тамақ құрамының 50-60%-ы ақуыз, қалғаны май мен көмірсудан тұрады.  Тіпті олар 2021 жылы зауыт ашуды да жоспарлап отыр», деп жазылған мақалада.  Ғалымдар су электролизі үшін күн батареяларынан тарайтын электр қуатын қолданады. Сол арқылы бактерияларды қоректендіретін сутегін алады да, оны қайтадан суға айналдырды. Бұл әдіс тамақ өндірісі үшін ешқандай шикізатты қажет етпейді екен. «Бұндай ойлар адамдарды шошытатыны да рас. Дегенмен, біздің миф пен иллюзияларымыз фермерлер жануарларды өлтірсе де, оған оң көзқарас танытуды арттырды. Ал оның жанында электрлік тамақ өндірісі дегеніңіз жер шарын құтқара алады деуге болады. Себебі фин зерттеушілерінің жобасында тамақ өнімдерін жасау үшін негізінен ауа, су, электр қуаты қолданылады», дейді автор.
03 қараша 2018 ж. 1 064 0