АУА ТАЗАЛАЙТЫН АВТОБУС
Британиялық Go-Ahead транспорттық компаниясы ауа тазалаушы фильтрмен жабдықталған автобусына сынақ жүргізді, – деп жазды www.rosbalt.ru сайты.
Pall Aerospace компаниясы жасаған ауа фильтрациясы құрылғысы ұшақтар мен кемелер принципі бойынша жұмыс істейді. Автобус төбесіне орнатылған елек ластанған ауаны сорып, орнына тазаланған ауа шығарады. Go-Ahead компаниясы қызметкерлерінің сөзінше, автобус тек жол кептелісінің шешімі ғана емес, сондай-ақ, ауа ластануы сынды жаһандық экологиялық мәселенің шешімі де бола алады. Автобус 10 метр биіктікке дейінгі ауаны қамтиды.
Мұндай жарқын жоба біздің елге де керек. Әсіресе, өндіріс ошақтары көп қалалық жерлерде бұл көліктің тиімділігі өте көп...