№100 (8811) 21

21 желтоқсан 2024 ж.

№99 (8810) 14

14 желтоқсан 2024 ж.

№98 (8809) 10

10 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » ӘЙЕЛДЕР ЕРЛЕРГЕ ҚАРАҒАНДА НЕГЕ КӨП ӨМІР СҮРЕДІ?

ӘЙЕЛДЕР ЕРЛЕРГЕ ҚАРАҒАНДА НЕГЕ КӨП ӨМІР СҮРЕДІ?

 Әлемнің көптеген елдерінде әйелдердің орташа жас мөлшері ерлердікінен жоғары. Бұл біздің елімізде де байқалады. Қазақстанда да статистика бойынша ерлердің орташа өмір сүру жасы - 67, әйелдердің орташа жасы шамамен - 72 жас. Жақында Калифорния университетінің ғалымдары орташа жас мөлшеріне байланысты сұраққа жауап іздеп көріпті. Зерттей келе әйелдердің ұзақ өмір сүру себебі эстроген гормонына байланысты деген тұжырымға келген. Әйелдердегі бұл гормон жасушалардың қартаюын тежейді. Сондай-ақ хромосомадағы генетикалық ақпарат бойынша әйелдердің дене жасушалары ерлердікіне қарағанда баяу қартаяды екен.
"Эстроген адам ағзасын қалыпты сақтауына, ферменттердің белсенді жұмыс жасауына көп көмегін тигізеді. Бұл гормонның ағзада көбірек бөлінуі жүрек-қан тамырлары ауруларына шалдықтырмайды. Одан өзге сүйектің қалыпты дамуына да зор көмегі бар", - дейді зерттеуші ғалымдар. Калифорния университетінің мамандары ерлердің әйелдерден аз өмір сүруінің тағы бір факторы ретінде темекі мен алкогольді ішімдіктерді атаған.

МАССАГЕТ.КЗ
10 қазан 2018 ж. 1 210 0