№30 (8741) 16

16 сәуір 2024 ж.

№29 (8740) 13

13 сәуір 2024 ж.

№28 (8739) 9

09 сәуір 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930 
» » ЕСТІМЕГЕН ЕЛДЕ КӨП: АСПАН АСТЫНДАҒЫ ҚОНАҚ ҮЙ

ЕСТІМЕГЕН ЕЛДЕ КӨП: АСПАН АСТЫНДАҒЫ ҚОНАҚ ҮЙ

Швейцарияда ашылған шатыры мен қабырғасы жоқ қонақүй әлемге тез танылды, – деп жазды Today.kz Design Boom сайтына сілтеме жасап.
Швейцарияның Тоггенбург округында қабырғасы мен шатыры жоқ қонақүй ашылды, бұл қонақүйде түнеу 300 долларды құрайды.ж
Жаңа қонақүйде үш-ақ нөмір бар. Орталығы – кереует. Оның екі жағына шкаф пен шам орнатылған. Қонақүйде бір шыны кофе мен таңғы ас және алкогольсіз сусын беріледі. Сізге қызмет көрсететін адам – аяғында резеңке етігі бар жергілікті фермер. 
Қонақүй теңіз деңгейінен 1200 метр биіктікте орналасқан. Шатырдың орнында аспан, қабырғаның орнында табиғат. Қонақүйдің басты ерекшелігі де – осында. 
Жаңбыр жауған жағдайда қонақүйге тұрақтаған адамдар жақын маңдағы лашыққа немесе ескі үйге барып паналай алады. 
Бұл қонақүйді жергілікті суретшілер ойлап тапқан. Ыңғайсыз болғанына қарамастан қонақүй ашылған бойда әлемге тез танылды. Әлемнің түкпір-түкпірінен отельді броньдауға тапсырыс түсіп жатыр екен. 
04 қазан 2018 ж. 936 0