Аустралиядағы кеншілер 225 келі алтын тауып алды
Аустралияның батысындағы Камбалда қаласының маңындағы Бета-Хант кен орынынан кеншілер өте көп мөлшерде алтын тауып алды. Олар 4 күннің ішінде 225 келі алтын қазып алған.
Кеншілер тауып алған алтын өліп бара жатқан кен орнына жаңа өмір сыйлауы мүмкін. Себебі нарықтағы никель бағасының түсіп кетуіне байланысты бұл жердегі 4 кен орны жабылып қалған. Енді қаржы жетіспеушілігі мәселесі шешіледі. 225 келі алтын 15 миллион долларға бағаланып жатыр. Алтынмен қапталған тау жыныстары шамамен жер бетінен 500 метр төменде орналасқан. Ең үлкен бөліктің салмағы 90 келі, оны 3 адам көтеріп шығарған. Аға геолог Заф Танос бұл жаңа жұмыстың бастамасы деп отыр.
Massaget.kz
Пікір 2