Күлкілі қылмыстар
АҚШ-та бір жігіт қалтасын оңайлықпен толтырғысы келіп жанармай бекетіне кіріп барып, барлық ақшаны беруді талап ете бастаған. Бірақ жанармай қызметкерлерінің екеуі оған қарсылық көрсете бастаған. Нәтижесінде қылмыскер қорыққанынан полицияға хабарласқан.
2008 жылы америкалық полицейлер біраз уақытқа дейін бір ұрыны ұстай алмай жүреді. Ұры қарапайым жолмен зергерлік дүкендерінің терезесін кірпішпен сындырып тонап кетіп отырған. Кезекті осындай қылмыстың бірінде дүкен терезесі соққыға шыдамды болып, ұрының лақтырған кірпіші қайтып кеп өз басына тиген. Соққының салдарынан қылмыскер 2 сағат орнынан тұра алмай жатқан. Осы уақыт аралығы полицияның келіп, оны тұтқындауына жеткілікті болды.