Соңғы жаңалықтар

№92 (8906) 2

02 желтоқсан 2025 ж.

№91 (8905) 29

29 қараша 2025 ж.

№90 (8904) 25

25 қараша 2025 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
293031 
» » Латвияның жаңа президенті сайланды

Латвияның жаңа президенті сайланды

Латвияның жаңа президенті болып елдің қазіргі сыртқы істер министрі және латвиялық саясат ардагері Эдгар Ринкевич сайланды, деп хабарлайды BAQ.KZ ВВС ақпарат агенттігіне сілтеме жасап.


Латвияда президентті парламент ашық дауыс беру арқылы сайлайды: турлар кандидаттардың бірі кем дегенде 51 дауыс жинағанға дейін өткізіледі.
Жаңа мемлекет басшысы дауыс берудің үшінші турында 52 дауыс жинады.
Ринкевичтің кандидатурасын «Бірлік» премьерлік партиясы ұсынды. Қарсыластары дәстүрлі емес жыныстық көзқарасын Ринкевичтің бетіне басты.
90-шы жылдардың басында Эдгар Ринкевич Латвия радиосында журналист болып жұмыс істеді, содан кейін 13 жыл Қорғаныс министрлігінде қызмет атқарып, мемлекеттік хатшы лауазымына дейін көтерілді (Латвия министрліктеріндегі жоғары бюрократиялық лауазым).
Дәл осы кезеңде ол НАТО-ға кіру туралы келіссөзге Латвияның атынан қатысты.
2008 жылы Ринкевич Президент кеңсесін басқарды, ал 2011 жылы елдің сыртқы істер министрі болып тағайындалды.
Ринкевичтен басқа президент сайлауына тағы екі үміткер қатысты. Бұлар - кәсіпкер Улдис Пиленс және заңгер Элина Пинто.
Елдің қазіргі президенті Эгилс Левитс сайлауға өз кандидатурасын ұсынған жоқ.
01 маусым 2023 ж. 7 988 0