Канн кинофестивалінің жеңімпаздары анықталды
ПАРИЖ. ТАСС – ҚазАқпарат – Француздық режиссер Жюстин Трие «Траектория падения» (2023) фильмі үшін 76-ыншы Канн фестивалінің жоғары наградасына ие болды, деп хабарлайды ҚазАқпарат Еuronews-ке сілтеме жасап. inform.kz
Фильмде өз күйеуін өлтірді деп күдік келтірілген жазушы туралы айтылады. Басты рөлді неміс актрисасы Сандра Хюлер сомдады.
44 жастағы Ж.Трие «бұл жүлдені өз киносын түсіре алмай жүрген барлық жас әріптестеріне арнайтынын» айтты. «Менің бұған 15 жыл уақытым кетті», - деді ол.
Кинофестивальдің Гран-приі – Канн марапатының екінші дәрежелі сыйлығы британдық режиссер Джонатан Глейзерге берілді. Ол награданы «Зона интереса» (2023) фильмі үшін алды. Сыйлықты Д.Глейзерге Канн фестивалі ардагерлерінің бірі, америкалық кинорежиссер, сценарист әрі продюсер Квентин Тарантино табыстады.
«Үздік сценарист» марапатына жапондық драматург Юдзи Сакамато ие болды. Ол жапондық режиссер Хирокадзу Корээданың «Чудовище» (2023) фильмін түсіруге еңбектенді.
Қазылар алқасының сыйлығын финдік режиссер Аки Каурисмякидің «Мертвые листья» (2023) картинасы алды.
Француздық режиссер Чан Ань Хунгке «Страсть Додена Буффана» (2023) фильмі үшін «Үздік қойылым» сыйлығы берілді.
Үздік актер ретінде биыл түрік актрисасы Мерве Диздар мен жапондық актер Кодзи Якусё танылды. М.Диздар Шығыс Анатолиядағы мектеп оқытушысы туралы фильмде ойнады. Ал К.Якусё сыйлықты неміс режиссері Вим Вендерстің «Идеальные дни» (2023) картинасындағы рөлі үшін алды. Онда ол Токиодан келген дәретхана тазалықшысы рөлін ойнады.
Айта кетейік, биыл Канн сыйлығы үшін 21 кинолента таласқа түсті. Қазылар алқасына швед режиссері Рубен Эстлунд төрағалық етті.