Құрылтай

№58 (8972) 4

04 тамыз 2026 ж.

№57 (8971) 1

01 тамыз 2026 ж.

№56 (8970) 28

28 шілде 2026 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Тамыз 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12
3456789
10111213141516
17181920212223
24252627282930
31 
» » Токио-2020: Боксшы Сәкен Бибосынов алғашқы қарсыласынан басым түсті

Токио-2020: Боксшы Сәкен Бибосынов алғашқы қарсыласынан басым түсті

Жапония астанасы Токио қаласында өтіп жатқан Жазғы Олимпиадада бүгін қазақстандық боксшы Сәкен Бибосынов алғашқы жекпе-жегін өткізді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Ол 52 келі салмақта Пуэрто-Рико елінен келген Янкьель Ривера Фигероамен қолғап түйістірді. Бибосынов қарсыласын 4:1 есебімен жеңіп кетті. Енді ол франциялық Биллал Беннаммен шаршы алаңға шығады.
Сәкен Бибосынов 1997 жылдың 3 шілдесінде Түркістан облысында дүниеге келген. 2019 жылы Ресейдің Екатеринбург қаласында өткен әлем чемпионатында қола жүлдегер атанды.
Айта кетейік, 57 келіде жұдырықтасқан Серік Теміржанов бірінші жекпе-жекте венгриялық Роланд Галоштың осал тұсын тапты.
Ал, 63 келіде Закир Сафиуллин перулік Леодан Песо Сабойяны жеңіп, жарыстың келесі сатысына жолдама алды.
26 шілде 2021 ж. 840 0