№100 (8811) 21

21 желтоқсан 2024 ж.

№99 (8810) 14

14 желтоқсан 2024 ж.

№98 (8809) 10

10 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » Коронавирус: Әлемдегі ахуал қандай?

Коронавирус: Әлемдегі ахуал қандай?

Қытай азаматтарына жаппай Сovid-19-ға қарсы екпе егіледі, деп хабарлайды Egemen.kz.

Күн сайын Қытайда шамамен 19 миллион тұрғын коронавирустық инфекцияға қарсы екпе салады. Осылайша, ҚХР-ға 704 миллионнан астам вакцина жеткізілді. Бұл әлемде өндірілген 1,9 миллиард вакцина дозасының үштен бір бөлігін құрайды. Қытай билігі жыл соңына дейін ел халқының 80% иммундауды жоспарлап қойған. Ресми мәліметтер бойынша  Бейжіңде тұрғындардың 87% кем дегенде екпенің бірінші компонентін салдырған.
Еуропа коронавирустық инфекцияға байланысты енгізілген карантиннен зардап шеккен жеке бизнесті қолдауға күш жұмсауда. Германияда пандемия кезінде зардап шеккен кәсіпкерлерге қолдау көрсетуге бағытталған қаржылық шаралар ұзартылатын болады. Соңғы келісімдерге келесі аптада қол жеткізіледі. Бизнеске қаржылық жәрдемақыны бөлудің бұған дейінгі мерзімі 30 маусымда аяқталмақ.
Солтүстік Америка КВИ-ді жұқтыру оқиғаларының саны азаюда. Джонс Хопкинс Университетінің мәліметі бойынша, соңғы тәулікте инфекцияны жұқтырудың 16 558 жаңа жағдайы анықталды. Бұл бір апта бұрынғы көрсеткішке қарағанда 7 400-жағдайға кем. Соңғы рет аурудың максималды тәуліктік өсімі 2 қаңтарда тіркелген болатын. Ол күні коронавирустық инфекцияны 300 462 адам жұқтырған. Ал 12 қаңтарда індеттен мерт болудың ең үлкен көрсеткіші тіркелді. Бұл күні аурудан 4 477 адам қайтыс болды. Пандемия басталғаннан бері АҚШ-та COVID-19 жұқтырудың 33,3 миллион жағдайы анықталса, індеттен 595 мыңнан астам науқас қайтыс болды.

04 маусым 2021 ж. 786 0