Соңғы жаңалықтар

№33 (8947) 5

05 мамыр 2026 ж.

№32 (8946) 1

01 мамыр 2026 ж.

№31 (8945) 28

28 сәуір 2026 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Мамыр 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
25262728293031
» » Айыппұл салған соттың азаматтығы

Айыппұл салған соттың азаматтығы

1935- жылы Нью-Иорк қаласындағы "нан сататын дүкеннің иесі", бір қаусаған қарт кемпірді - "екі бөлке Нан ұрлағаны үшін" сотқа берген көрінеді. Кемпір, сотта тұрып, нұры сөнген көзінен жас ағыза-жалғыз қызының күйеуі өліп үйге қайтып келгенін жəнеде соңғы уақыттары жұмыс істеуге шамасы келмей - үйде төсек тартып ауырып жатқанын, ал немерелерінің əлі кішкентай екенін, міне соларды тамақтандыру үшін "нан ұрлағанын" айтып, ақталып зар жылайды. Бірақ, тас жүрек дүкен иесі дегенінен қайтпай, " ұрлықтың қылмыс екенін жəне оның жазалануы керек екенін айтып, арызын қайтарып алмай қойыпты. Сот басталған кезден ақ дегбірі қашып, жүрегі ауырып отырған Фиорелла Ла Гуардиа есімді Сот төрағасы амалсыздан:
- Мен сізге "қылмыс жасағаныңыз үшін 1 доллар көлемінде айыппұл саламын деп үкім шығарады да, қалтасынан 1 доллар алып кемпірге: - Мынаны кассаға апарып өткізіңіз дейді. Содан кейін орнынан тұрып, сотты тамашалап отырған адамдарға:
- Мен сіздерді жəне өзімді де "осы секілді " қарттарды сорлатып, нан ұрлату" дəрежесіне дейін түсіріп жіберген қалада тұрып жатқанымыз үшін жауапқа тартып, 10 доллар көлемінде айыппұл саламын- дейді. Соттың бұл сөзін бəрі құп көріп, қалталарынан ақшаларын шығарыпты. Нəтижесінде, 800 доллардай ақшаны жинап алған сот орындаушысы Филлераның нұсқауымен, жиналған қаржыны манағы "нан ұрлаған" кемпірдің қолына ұстатқан дейді...
Пы-сы: Бұл кісі уақыт өте келе Нью Иорк қаласының əкімі болып тағайындалады. Бұл кісінің атында көптеген көшелер, мектептер жəне бір əуежай бар.
23 сәуір 2021 ж. 2 724 0