№96 (8807) 3

03 желтоқсан 2024 ж.

№95 (8806) 30

30 қараша 2024 ж.

№94 (8805) 26

26 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » Келешектің мамандықтары қандай?

Келешектің мамандықтары қандай?


Оқушы кезімізде IT, робототехника, нонотехника сынды заманауи мамандықтар бейтаныс еді. Біздің білетініміз дәрігер мен мұғалімдік. Талапкерлер осы екі мамандықты бағдарлап, таңдауын жасайтын. Ал қазір ше? Жастар сұранысқа сай ізденіп, ақпараттық технология, биотехнология және т.б бойынша білім алуда. Әлем үлкен бетбұрыс алдында тұр. Яғни алдағы онжылдықта мамандықтар күрделі өзгереді деген сөз. Бұл ойымызды «Pew Research Center» әлемдік сараптама ұйымы қуаттап, технологияның жаңа дәуірі басталғанын, енді роботтар қызметі басымдыққа ие болып, адамзаттың темірқұлдармен бәсекеге түсетінін алға тартуда. Сонымен, келешекте қандай мамандыққа бет бұрған дұрыс? Сұранысқа сай болуы үшін қандай болу керек?

Озық елдерде робототехника қызметі қарқынды дамып, онлайн басқару жүйесі қалыптасып, көптеген мамандықтар «ескі қызметке» еніп, қолданыстан қалуда. Мәселең, Жапония, Корея, Сингапур, Малайзия, АҚШ, Англия секілді мемлекетте пошта қызметі, кассир, аудармашы, күзетші секілді мамандықтарға сұраныс жоқ. Бұл қызметтерді халық робот көмегімен алуда. Бір адам 4 мамандықты бірге ұштастыра оқып, ғылымның жаңа түрін ойлап табуда. Мамандық таңдағанда «осы мамандық болашақта сұранысқа ие бола ала ма?» деген күдікпен сыни зерттеу жасау арқылы бір шешімге келеді екен.
Сараптама жасаушылар алдағы он жылдықта роботтың дамыған түрлері пайда болып, «смарт қалалар» бой көтеріп, ғарыш галактикасын жерде отырып игеру дәуірі басталатынын болжауда. Осыған сәйкес бүгінгі күндегі қызметтердің 97 пайызы жойылып, нағыз білімділер мен біліктілерге жол ашылады. «Роботтар көп қызметтерді өзіне жүктеп, жұмыссыздыққа жол берілуі ықтимал» деген болжаушылар роботтармен жан­таласа еңбек ететінін түсіндіруде. Мұны Оксфорд университетінің баспа­ханасынан шыққан Ричард Сасскинд пен Дэниель Сасскиндтің «Мамандықтар болашағы» атты зерттеу мақаласында ашық айтылады.
Сонымен, алғашқы бес жылдықта «2025 жылдан кейін роботоэтика жөніндегі адвокат» қызметі есігіңізді қағып тұруы әбден мүмкін. Ол – моральдық және этикалық заңдарды қорғайды. Ол адамдар, роботтар және жасанды интеллект арасындағы қарым-қатынасты реттеп, заң аясында шешім табуға күш салады. Мәселең, құлтемір адамды, немесе адам құлтемірге денежарақатын жасаса белгілі жауапқа тартылмақ. Мұны «жауыз роботты» ойлап тапқан Берклидегі Калифорния университетінің инженері Александр Ребен де қолдайды. Ол өз сұхбатында «Жасанды интеллект адамға бағынбай кете ме деген күдік күннен күнге күрделі мәселеге айналуда. Осы себепті алдағы уақытта екі тарапқа тең құқық берілетін заң күшіне енуі мүмкін. Бұл нанотехника ғалымдарының қорқынышын басып, толайым табысқа бастамақ», – деді роботтанушы.
Ал, «виртуалды тіршілік ортасы дизайнері» мамандығына Нидерленд жастары сақадай сай тұр. Карановирус тараған Еуропа елдерінде өкпені скриндік рентгендеудің жаңа қызметі іске қосылды. Нидерланд ғалымдары үйінде отырған пациет өкпесінің рентгенографиясын ауруханадан бақылау ісі сынықтан сәтті өтті. Интернеті бар кез-келген құрылғымен, рентген қосымшасын жүктеп, дәрігер нұсқаулығы бойынша «сельфи шот» жасайды. Бұл уақыт үнемдеп қана қоймай, вирус таралмауына ықпал етуде.
Дамыған елдердің мемлекет қыз­меткерлері «виртуалды шынайылылық» қызметін қолданысқа енгізгелі қашан. Енді осы қызмет карантин кезінде үй жағдайында отырып, ірі басқосуларға қатыса алады. Яғни қызметкердің модельінің көшірмесі 10 жерде он түрлі міндет атқарып, жұмыс жылдамдығын мейлінше арттыруда. Бірақ мұның болашақта дамыған түрлері пайда болатын болса, адамзаттың түпнұсқасына едеуір қауіп туындауы ғажап емес. Ақылды кулондар мен адам арасында теке-тірес орын алуы ықтимал. Сондықтан адамдардың «түпнұсқасын сақтау» ұйымдары алдағы 30 жылда пайда бола бастайды. Міне, осы салаға бетбұрыстар қазірдің өзінде баталып кетті. Австралияда Дикин университетінде «виртуалды және толымды шынайылық» мамандығында жас ғалымдар тәлім алуда.
Атақты басылым Forbes және Popular Science журналы «болашақта пайда болуы мүмкін 162 мамандықты» жариялады. Тізімде біздің ойымызға мүлдем кіріп шықпаған қызметтер енді. Мәселең, қоршаған ортаны қалпына келтіру менеджері, криптовалюта банкирі, IT-генетик, интеллектуалды жекеменшікті бағалау, нейропсихолог, медициналық роботтехник, виртуалды өмір архитекторы секілді мамандықтар таңдай қақтырады. Ал, 2025 жылдары «галактикалық архитектор» мамандығы әлемдегі атақты университеттерде оқытылмақ.
Біздің елде робототехника енді қалыптасып келеді. Дамыған елдердің дүбіріне ілесіп кетуге талпынғанымызбен, «цифрлық сауаттылық» арттыру мәселесі алдымызда тұр. Ел басына күн туған сәтте «қашықтықтан қызмет көрсетуге» көшкенімізбен, халық иігілігі жолында әлі талай белес бағындыруға тура келеді. Ашығын айтқанда, елге мұндай күрделі мамандықтар келуі тиіс. Бұл – әлемдік өркениетке ілесудің бірден-бір жолы. Жақында egemen.kz сайтында елдегі жоғары оқу орында жаңа мамандықтар ашылғаны хабарланды. Мақалада бакалавр бойынша– 15, магистратурада – 13, резидентурада – 50, докторантурада – 11 мамандық пайда болып, елге қажетті мамандар дайындалады.
Біздің ауданда да робототехника саласы қалыптасып келеді. Мектептерде ашылып жатқан үйірмелер соның бірден-бір дәлелі. Қанатына 50 баланы жаңа заманның техникасын үйретуге алған, үйірме жетекшісі Қадыров Дастан Абламитұлы да келешекте роботтар қызметі басымырақ болатынын растайды. «Біздің ауданда робототехника үйірмесі жұмыс бастағанына 5 жылға жуықтады. Бүгінде аудандық балалармен мәдени-тәрбиелік жұмыстар орталығында және ауылдағы мектептерде робототехнология үйірмесі жұмыс істейді. Өткен жылы тұңғыш аудан чемпионаты өткіздік. Осы тұста балалардың қабілеті мен қызығушылығы айқын байқалды», – деді ол.
Шағын ғана үйірмеде ауыз толтырып айтарлық жетістік мол. Бүгінге дейін  36 бала түрлі жарыстардан жүлделі орындар иеленді. Соңғы жылдары  IT және 3D үйірмелері робот жасауға жасбуындарды бағыттап отыр. Осы үйірменің қатысушысы №125 С.Сапарбеков атындағы орта мектептің 8 сынып оқушысы Мейіржан Нұрдәулетұлы: "Мен үйірмеден көп нәрсені үйрендім. Ой өрісіңді кеңейтіп, қабілет қарымыңды ұштайтын үйірмедегі әрбір сәтімізді пайдалы дүние жасауға арнаудамыз. Болашақта әлемге танымал робот жасап, қазақ елінің мүмкіндіктерін көрсеткім келеді» – деді жасөнертапқыш.
Елімізде ІТ саласын тұңғыш меңгер­гендердің бірі, Калифорнияда «робот­тарды бизнесте басқару» мамандығында білімін жетілдіріп жүрген жас дарын Рысбек Исабек: «Аса қауіпті жұмыстарды роботтар арқылы атқару бірнеше елдің тәжірибесінде бар. Сондықтан қай мамандық иесі болсын «цифрлық сауаттылықты арттырмайынша, қабілетті маман бола алмайды. Ал, роботтардың тілін білу – табыс көзі», – деген пікірде.
ТҮЙІН. Әлемдегі пандемия жаңа технология заманын туындатуға ықпал етті. Корея мен Жапония наноме­дицинаның мүмкіндігін игеріп, қауіпті дертпен күресуде өзінің тегеурінді ел екенін байқатуда. Қытайда да қауіпті аймақта роботтар көмекке келуде. Бізге әлі ертегідей көрінетін мамандықтар алдағы уақытта қолымыздағы қызметті еркін иемденіп, жұмыссыз етуі ғажап емес. Демек, роботтармен бәсекелесуге қарым-қабілетіміз жетуі тиіс...
Мақпал МАРҚАБАЙ
25 тамыз 2020 ж. 1 489 0