№100 (8811) 21

21 желтоқсан 2024 ж.

№99 (8810) 14

14 желтоқсан 2024 ж.

№98 (8809) 10

10 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » Қонақүйде 14 күнді өткізуге болады

Қонақүйде 14 күнді өткізуге болады

Алайда мейманханаларда оқшаулану ақылы болмақ. Мұндай шешімді осы елдің арнайы республикалық комиссиясы қабылдап отыр. Бүгінде көрші мемлекетте 6 жарым мыңнан астам коронавирус дерегі тіркелген. Жасын Біркенов, тілші: - Қауіпті індет өршіп тұрған мемлекеттерден келетін азаматтар 14 күнге карантинге жатқызылады. Бұл - Өзбек үкіметінің міндетті талабы. Дәлірек айтқанда, шетелден келгендерге ақылы түрде мейманханада оқшаулануға мүмкіндік жасалды. Қазір Туризмді дамыту жөніндегі мемлекеттік комитет пен Санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау агенттігі карантиндік бақылауда жатуға болатын отельдердің тізімін жасап жатыр. Ал өткен демалыс күндері Ташкент маңындағы карантин кешенінде өз-өзіне қол салған ер адам табылғанын айта кетейін. Ферғана облысының тұрғыны желдеткішке жайма байлап асылып қалған екен. Бас прокуратураның хабарлауынша, оқиғадан бірнеше күн бұрын марқұм коронавирустың бар-жоғын анықтау үшін тисті сынамалар тапсырған. Алайда тесттің нәтижесін күтпей, өз-өзін мерт қылған. Бұл азаматта жұқпалы аурудың жоғы кейін анықталды.
Нұрмат Отабеков, Өзбекстанның бас мемлекеттік санитарық инспекторы: - Бүгінде науқастарды бюджет есебінен күтіп, емдеп, оңалтып жүрміз. Енді Арнайы республикалық комиссия кәсіпкерлердің де жауапкершілігін арттыруды жоспарлап отыр. Бизнесмендер өз қызметкерлерін қорғаныс құралдарымен толық қамтамасыз етуі міндетті. Сонымен бірге мейрамхана, дәмхана мен басқа да қызмет көрсету нысандарының аумағында коронавирус жұқтырған азаматтардың емін осы тамақтану орындарының иелері төлейді. Санитарлық ережелерді елемей, қауіпсіздікке немқұрайлы қараған тұрғындардың кесірінен соңғы уақытта жұқпалы ауру күшті қарқынмен өршіп барады дейді мамандар. Мысалы, жақында Ташкент шаһарындағы бір отбасы төрт күннің ішінде екі бірдей үйлену тойын өткізген. Салдарынан жігіттің қалыңдығы пен 12 адам коронавирус жұқтырды. Тағы 100-ден аса азамат карантинге жатқызылды. Авторлары: Ж.Біркенов және Қ.Оспан

Источник: https://24.kz/kz/zha-aly-tar/lemde/item/404638-zbekstan-a-bar-an-azamattar-14-k-ndik-karantindi-ona-jde-tkize-alady
Қолданылған материалдарға міндетті түрде www.24.kz сайтына гиперсілтеме берілуі тиіс / Любое использование материалов допускается только при наличии гиперссылки на www.24.kz
24 маусым 2020 ж. 689 0