№32 (8743) 23

23 сәуір 2024 ж.

№31 (8742) 20

20 сәуір 2024 ж.

№30 (8741) 16

16 сәуір 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930 
» » Атырауда науқас саны 2000-нан асуы мүмкін

Атырауда науқас саны 2000-нан асуы мүмкін

Атырау облысында коронавирус жұқтырушылар саны 2 мыңнан асуы мүмкін. Төтенше жағдай режимін қамтамасыз ету жөніндегі өңірлік жедел штаб осындай ақпарат таратты, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Атырау облысының бас санитарлық дәрігері Темірбек Мұсағалиевтің қазіргі эпидемиологиялық ахуалды саралаған болжамына қарағанда, 31 мамырға дейін өңірде дәл осындай дерек тіркелуі мүмкін. Оның айтуынша, Атырау облыстық тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаментінің мамандары өңірдегі эпидемиологиялық ахуалдың өрбуі туралы бірнеше нұсқа дайындаған. Тұрғындар өзін-өзі оқшаулап, санитарлық талаптар мен шектеулерді сақтайтын болса, мамырдың аяғына дейін қауіпті індетті жұқтыратындар 800-ден аспайды. «Карантин талабы бұзылатын болса, індетті жұқтырушылар саны жедел өсіп, 31 мамырда 2 мыңнан асуы мүмкін. Сол себептен, шектеу шараларын біртіндеп алуға мәжбүрміз», -дейді Темірбек Мұсағалиев.
17 мамыр 2020 ж. 423 0