Құрылтай

Соңғы жаңалықтар

№52 (8966) 14

14 шілде 2026 ж.

№51 (8965) 9

09 шілде 2026 ж.

№50 (8964) 4

04 шілде 2026 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Шілде 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031 
» » Қолдан жасалған маскалардың тиімділігі бағаланды

Қолдан жасалған маскалардың тиімділігі бағаланды

Үйде жасалған маскалар АҚШ медицина қызметкерлеріне ұсынылатындай N95 класты респираторлар сияқты тиімді. Мұндай тұжырымға АҚШ-тағы Аргон ұлттық зертханасының ғалымдары қол жеткізді. Олардың зерттеулері ACS Nano журналының сайтында қол жетімді, деп хабарлайды Жаңақорған тынысы интернет газеті Stan.kz ақпарат агенттігіне сілтеп.
Олардың мәліметтері бойынша матаның екі қабатынан жасалған маскалар, мысалы, мақта мен жібектен жасалғандары, аэрозоль бөлшектерінің 80-нен 99 пайызына дейін ұстап қалады.
Бір қабатты маскалар нашар нәтиже көрсетті: олар сұйықтықтың ең кішкентай бөлшектерін және ауада шашыраған қатты заттың бөлшектерін еркін өткізеді.
Сондай-ақ, мамандар үйде жасалатын және медициналық маскалардың тиімділігіне, олардың бет әлпетіне қарай тұруы бағаланды. Егер тері мен қорғаныс қабатының арасында алшақтық болса, бөлшектерді сүзу мүмкіндігі маскалардың барлық түрлерінде де екі есеге төмендейді.
Сәуір айының басында американдық ғалымдар медициналық мамандарға арналған маскаларды қайта пайдаланудың жолдарын тапты. Қорғаныс құралдарын дезинфекциялаудың үш жалпы әдісі анықталды - термиялық өңдеу, ультрафиолет сәулесімен емдеу және сутегі асқын буларымен өңдеу.
15 мамыр 2020 ж. 964 0