Соңғы жаңалықтар

№24 (8735) 23

23 наурыз 2024 ж.

№23 (8734) 19

19 наурыз 2024 ж.

№22 (8733) 16

16 наурыз 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Наурыз 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
25262728293031
» » Әлемдегі ең табысты адамдардың алғашқы кәсіптері

Әлемдегі ең табысты адамдардың алғашқы кәсіптері


Бүгінгі таңдағы атақты кәсіпкерлердің бәрі бірден байып кеткен жоқ. Олар да тағдырдың тауқіметін көріп, талай қиын күндерді басынан өткерді. Алайда жұмысқа деген құлшынысы мен адал еңбегінің арқасында осындай биік дәрежеге жетіп отыр. Бүгін біз сіздерге әлемдегі ең табысты адамдардың алғашқы кәсіптері туралы айтамыз. 
Ричард Брэнсон, Virgin компаниясының президенті. Табысы: $4,8 млрд. Алғашқы кәсібі: Шырша сатушы. Virgin компаниясын құрушы кәсіпкердің алғашқы кәсібі Рождество қарсаңында шырша өсіріп, сату болған. Алайда шыршаларының басым көпшілігі қурап кетіп, ісі оңға баспаған. Оның ең алғашқы табысты кәсібі – 15 жасында ойлап шығарған Student деп аталатын мектеп журналы. 
Марк Цукерберг, Фэйсбук желісін құраушылардың бірі. Табысы: $34,9 млрд. Алғашқы кәсібі: Фэйсбук әлеуметтік желісі. Марк – барлық белесін өз күшімен бағындырған әлемдегі белгілі миллиардерлердің бірі. Ол әлі өзінің бірінші жұмысында істеп келеді. 
Джордж Лукас, кинорежиссер. Табысы: $5 млрд. Алғашқы кәсібі: Оқытушының көмекшісі. Ол Оңтүстік Калифорнияда оқытушының көмекшісі болып қызмет етіп жүріп, америкалық теңіз жаяу әскерлерімен деректі фильм түсіруге қызығады. Ақыры өз дегеніне, алға қойған арманына жетеді.  
Майкл Делл, Dell компаниясының президенті. Табысы: $18,2 млрд. Алғашқы кәсібі: Қытай мейрамханасында ыдыс-аяқ жуушы. Жоғары сыныптарда оқып жүргенде Делл қытайлық мейрамханада жұмыс істейді. Ол тапқан табысын жинап, марка жинаушы болып бизнес құрады. 
Элон Маск, Tesla Motors, PayPal және SpaceX бағдарламаларының қалаушысы. Табысы: $11,9 млрд. Алғашқы кәсібі: Видеоойындарды құрушы. Ол 10 жасында өзінің алғашқы компьютерінде бағдарлама жасауды үйреніп, 12 жасында алғашқы Blastar ойынын $500 долларға сатты.
  Джефф Безос, Amazon компаниясын құрушы. Табысы: $34,7 млрд. Алғашқы кәсібі: Макдоналдста жұмысшы. Бала кезінде әкесінің фермасында еңбек етеді. Өсе келе Макдоналдсқа жұмысқа орналасып, бір жылдан кейін кішігірім кәсіпорын иесі атанады. 
Ян Кум, WhatsApp желісінің негізін қалаушы. Табысы: $6,8 млрд. Алғашқы кәсібі: Сыпырушы. Америкаға келгеннен соң Ян анасына қатерлі ісікке қарсы күресуге көмектесіп, 16 жасында жергілікті азық-түлік дүкенінің алдын сыпырды. Yahoo-да жұмыс істеу үшін колледждегі оқуынан шығып кеткен. 
Уоррен Баффет, Berkshire Hathawaу директорлар кеңесінің төрағасы. Табысы: $72,3 млрд. Алғашқы кәсібі: Газет таратушы және сағыз сатушы. Баффет 6 жасынан бастап жұмыс істеген. Ол америкалық отбасылардың үйіне барып сағыз сатады. Сонымен қатар газет таратып та үлгерген.  Табыс жайдан-жай келе қоймайтынын естен шығармайық. Ол үшін осы кезден бастап еңбектену керек. 

08 наурыз 2020 ж. 701 0