Құрылтай

Соңғы жаңалықтар

№52 (8966) 14

14 шілде 2026 ж.

№51 (8965) 9

09 шілде 2026 ж.

№50 (8964) 4

04 шілде 2026 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Шілде 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031 
» » Түркияда қар көшкінінен қаза тапқандар саны 41 адамға жетті

Түркияда қар көшкінінен қаза тапқандар саны 41 адамға жетті

Сондай-ақ табиғи апаттан 84 адам жарақат алған.
Түркияның Ван провинциясында қар көшкінінен қаза тапқандар саны 41 адамға жетті. Сондай-ақ табиғи апаттан 84 адам жарақат алған, деп хабарлайды Azattyq Rýhy тілшісі NTV телеарнасына сілтеме жасап. 
Қазір оқиға орнында құтқару жұмыстары жүргізіліп жатқандықтан, қаза тапқандар мен жарақат алғандар саны артуы мүмкін.
«Қаза тапқандар арасында 8 жандарм, 3 күзетші, 3 өрт сөндіруші және 9 азамат бар. Сонымен қатар төтенше жағдай қызметінің 30 қызметкері құтқарылған. Тағы қанша адамның қар астында қалғаны белгісіз», - деп жазылған телеарна сайтында.
Айта кету керек, бұл жерде бір күнде екі рет қар көшкіні болған. Оқиға орнында үш жүзге жуық құтқарушы жұмыс істеп жатыр. Олар осы уақытқа дейін қардың астынан елуге жуық адамды алып шықты. Сонымен қатар құтқару жұмыстарына тұман, қалың қар мен жел кедергі келтіріп жатыр.
07 ақпан 2020 ж. 868 0