№100 (8811) 21

21 желтоқсан 2024 ж.

№99 (8810) 14

14 желтоқсан 2024 ж.

№98 (8809) 10

10 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » Тылсым күшке ие өмірде болған оқиғалар

Тылсым күшке ие өмірде болған оқиғалар

Осыған дейін көптеген адамдар түсініксіз, таңғажайып оқиғаларды басынан өткергені туралы көптеген ақпарат бар. Сіз де ғаламтор арқылы сондай ақпараттардың кемінде біреуін оқыған шығарсыз.
Біздің өмірімізде біз біліп түсіне бермейтін құбыжық, елес туралы аңыздар мен оқиғалар бар. Кейбір адамдар бұл адамның қиялынан пайда болған оқиға десе, қалғандары бұл оқиғаға сенеді. Бірнеше жұмбақ, тылсым оқиғаларды "Жаңақорған тынысы" газеті шетелдік БАҚ-қа сілтеме жасай оқырман назарына ұсынады.

Флетвулық құбыжық


1952 жылдың 12 қыркүйегінде 3 бала аспаннан жерге қарай белгісіз заттың құлағанын байқаған. Олар флетвулық монстр атты жұмбақ тіршілік иесін тауып алды. Содан кейін айналаны тұман басып, қорқынышты сыбырлаған дауыс естіле бастады. Кейінірек сол аймақты мекен еткен адамдар сол тұманға тұншағып, бірнеше апта бойы құсқан болатын.

«Таман Шудтың» денесі


1948 жылы 1 желтоқсан күні Австралиядағы Аделаида жағалауында өлі дене табылды. Өлген адамның кім екенін ешкім де білген жоқ және анықтай да алмады. Кейін оның қалтасынан «Tamam shud»деген жазуы бар қағаз табылды. Бұл сөз парсы тілінен аударғанда «аяқталды» деген мағынаны білдіреді екен. Бұл сөз Омар Хайямның «Рубайат» атты еңбегінің соңғы бетінде де жазылған.Кейінірек Омар Хайам жинағының көшірмесін қайтыс болған адам тастап кеткені анықталады.

Котар синдромы

Котар синдромы – өте сирек кездесетін ауру түрі. Бұл синдроммен ауырған адамның миы істемейді, ол тірі өлік секілді өмір сұреді.

Адамды тірілей жерлеу


Адамдарды тірілей жерлеу көбінесе кездейсоқтықтан болады. Адамды қайтыс болды екен деген қателікпен жерлеу көптеп кездеседі. Кейбір адамдарджы өлім жазасына кескен кезде уақытша жүрегі тоқтап қалуы мүмкін. Жерлеу кезінде тірілген адамдар туралы оқиғалар да кездесіп отырады.

Қап-қара көзді балалар


Қап-қара көзді балалар өмірде өте сирек кездеседі. Бұл құбылыс балаларда 6 және 16 жасында кездесуі мүмкін.

Таррар


Таррар – XVIII ғасырда өмір сүрген француз. Ол бір уақытта 15 адамның жейтін тамағын тауысып қоюы мүмкін. Сонымен бірге ол мысықты, қуыршақты немесе жыланбалықты түгелдей жұтып жібере алады. Ол осындай тойымсыз болғанымен өте арық болған. Оның салмағы 45 келіден аспайтын. Бірақ барлығын жеп бітіргеннен кейін оның іші шар тәрізді үлкейіп тұратын.

Көлеңке адамдар


Көлеңке адамдар – дүниені көлеңкелі түс ретінде қабылдайды. Бұл адамдар туралы дінде де, түрлі дәстүрде де айтылып, сипатталған. Бұл адамдарды зерттеп жүргендердің айтуы бойынша олады белгілі бір уақытта ғана көруге болады екен.


18 қаңтар 2020 ж. 1 155 0