Құрылтай

Соңғы жаңалықтар

№52 (8966) 14

14 шілде 2026 ж.

№51 (8965) 9

09 шілде 2026 ж.

№50 (8964) 4

04 шілде 2026 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Шілде 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031 
» Жаңақорған ауданында үшем өмірге келді

Жаңақорған ауданында үшем өмірге келді


Қызылорда облысының Жаңақорған ауданына қарасты Қожакент ауылында Үсеновтар отбасында 13 сәуір күні Медина(2,200гр), Патима(1,900гр), Әдилә(1,720гр) есімді үшем дүниеге келді. Бұл облыс бойынша тіркелген 2019 жылғы алғашқы үшемдер.
26 жастағы Кәмила Шайжанова мен жолдасы Өмірбек Үсенов енді 5 қыздың ата-анасы атанды. Бақытты жұп 5 жасар Айару мен 3 жасар Раяна қыздарының артынын тағы да үш қыздың өмірге келгеніне риза.
Облыстық денсаулық сақтау басқармасының мәліметіне сүйенсек, 2018 жылы өңір бойынша үш үшем, 132 егіз сәби дүние есігін ашыпты. Ал, биылғы жылы 4 ай көрсеткіші бойынша 28 егіз туылған екен.

---
23 сәуір 2019 ж. 2 006 0