№79 (8992) 17

17 қазан 2026 ж.

№78 (8991) 13

13 қазан 2026 ж.

№77 (8990) 10

10 қазан 2026 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қазан 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1234
567891011
12131415161718
19202122232425
262728293031 
» Тұмау ауруына қарсы вакцинация жайлы!

Тұмау ауруына қарсы вакцинация жайлы!



Тұмау – ауа тамшылары арқылы берілетін жіті респираторлы жұқпалы ауру.  Алғашқы 1-2 күн тұмау жұқтырып, ауруға шалдыққан адам барлық жағдайларда осы инфекцияның жұқтырушы көзі болып табылады.
Жыл сайын тұмауға шалдығу жағдайлары күз-қыс мезгілінде тіркеледі. Әлеуметтік маңыздылығы мен  экономикаға тигізетін зияны жағынан тұмау адамның барлық ауруларының ішінде бірінші орында тұр.
Тұмаудың клиникалық ағымы пневмония, бронхит тәрізді түрлі асқынулармен, сондай-ақ, жүрек қантамырларының, жүйке жүйесіндегі, созылмалы аурулардың асқынуымен бірге жүреді.
Тұмау әсіресе, өмірге жаңа келген сәбилер, егде жастағы кісілер мен әлсіз адамдар өмірі үшін қауіпті. Статистика бойынша тұмау кезінде асқыну жағдайлары әрбір 10-шы науқаста ұшырасады.
Әлемдегі тұмаудан сақтанудың негізгі әдісі – вакцинация.
Жыл сайын аудан бойынша тәуекелділігі жоғары барлық топтарда (медицина қызметкерлерін, медициналық ұйымдарда медициналық бақылауға жататын балаларды, алты айдан асқан көп ауыратын балаларды, жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға арналған білім беру ұйымдары, сәбилер үйлері балаларын, медициналық-әлеуметтік мекемелердің (ұйымдардың) қызмет алушыларын, жүктіліктің 2-ші немесе 3-ші триместрінде жүкті әйелдерді, жүрек-қантамырлық жүйесінің және тыныс алу мүшелерінің созылмалы аурулары бар және эпидемиологиялық көрсетімдері бойынша жыл сайын тұмауға қарсы вакцинациялауға жататындар) вакцинация жүргізіледі.
Вакцинация бұл санаттағы адамдарды ғана тұмау жұқтырудан сақтап қана қоймай, сонымен қатар, айналадағы  адамдарды да ауруға шалдығудан  сақтайды, тұмау асқынуының және өлім-жітім жиілігін төмендетеді.

Ж.Шайхысламов,
Жаңақорған аудандық СЭББ бөлім басшысы 
---
16 қазан 2026 ж. 31 0