Мәңгілік күй алыбы - Әлшекей
23 қыркүйек күні дәулескер күйші Әлшекей Бектiбайұлының 175 жылдық мерейтойы аясында республикалық шаралар өтті.
Үзiлмейтiн үн қалдырған Әлшекей Бектiбайұлының туған топырағында өткен тағылымды шараларды «Әлшекей Бектiбайұлы атындағы дәстүрлі өнерді дамыту» қоғамдық қоры ұйымдастырды. Сондай-ақ, аталған шараға аудан әкімдігі, аудандық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі мен аудандық мәдениет үйі атсалысты.
Баба туған өлкеде өткен шарапаты мол шара ең алдымен «Дәстүрлi күйшілік өнер және күйші Әлшекей Бектiбайұлының мұрасы» атты республикалық ғылыми-теориялық конференциясынан басталды. Конференция бiтiciмен ҚР Еңбек сіңірген қайраткері, жазушы, драматург Жолтай Әлмашұлының «Әлшекей. Күй ғұмыр» атты тарихи драмасы сахналанды.
Қойнауы құтқа толы қарт Қаратау қазақ тарихының небір дәуipiне куә болған. Етегінде өмірде ерекше маңызға ие киелі орындар мен құнды жәдігерлер бар. Соның бірі - Сығанақ қалашығы.
Әлшекей Бектiбайұлының 175 жылдық мерейтойы аясында өтетін шараларға құрмет көрсетіп, аса iлтипатпен Сыр өңіріне келген қонақтар сырға толы Сығанақ қалашығымен танысты.
Қоңыр күздің кешкi салқынында түбірi түркiнiң баба өнері тел тоғысқан Жаңақорғанның орталық алаңында жұлдызды қонақтардың қатысуымен «Ақжелең» атты республикалық күй фестивалі өтті.
Қазақ радиосының журналисi Гүлмира Нәлібай тiзгiндеген тағылымды шарада ҚР еңбек сіңірген қайраткері Ақжол Мейірбеков, дәстүрлі эстрада әншici Өмірқұл Айниязов, «Жiгiттер» тобының мүшесі Мырзахан Маханов, эстрада әншісі Жадыра Арыстанова және Төлжанбек Жақсыбаев сынды өнер жұлдыздары ән шашуларын тарту етті.
Кешегі рухты шығармалары өлмес мұраға айналған 175 жылдық жалауын көтерген Әлшекей бабамыздың шығармалары руханият әлемін мәңгі күй бесігінде тербетерiне және тербете беретініне сенім мол.