№100 (8811) 21

21 желтоқсан 2024 ж.

№99 (8810) 14

14 желтоқсан 2024 ж.

№98 (8809) 10

10 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» 520 адам қаза тапқан ұшақ апаты

520 адам қаза тапқан ұшақ апаты


1985 жылы Токиодан ұшқан Боинг 747 ұшағы апатқа ұшырап 520 адам қаза табады. 4 адам тірі қалған ұшақ әуеге көтерілгесін ұшақтың басқару құралы істен шығып, тауға соғылады.

Бұл ұшақ 1978 жылы ұшу кезінде артқы бөлігі жерге ұрылады. Қарапайым тілмен айтқанда ұшақтың ішкі және сыртқы қысымнан жарылудан қорғайтын гермошпангоут дейтін бөлігі зақымданады. Кейін мамандар жөндеп, ұшақ ары қарай ұшуды жалғастыра береді.
520 адамның өмірін жалмаған ұшақтың құлау себебін мамандар әр детальына дейін зерттеп, тексергенде 7 жыл бұрынғы техникалық ремонт жұмысының сапасыз жасалынғанын анықтайды.
Аспанда 32 минут ұшақты басқаруға арпалысқан жапон ұшқышының соңғы сөзі "Осымен бітті"
Кейін авиакомпания президенті барлық жауапкершілікті өзіне алып, орнын босатады. Ал, компанияның техникалық қауіпсіздік бөлімінің басшысы өзіне қол жұмсайды.
Бұл адамзат тарихындағы бір ғана ұшақтан тұратын әуе апатының ең ірі трагедиясы еді.
Адамзат кінәсінен болған ұшақ апатынан соң бүгінге дейін Жапон еліне тиеселі авиа саласында бірде-бір ұшақ құламаған екен.

Зауре Даулетова фейсбук парақшасынан алынды
---
10 қаңтар 2020 ж. 714 0