№100 (8811) 21

21 желтоқсан 2024 ж.

№99 (8810) 14

14 желтоқсан 2024 ж.

№98 (8809) 10

10 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » » Азамат болу - міндетің

Азамат болу - міндетің

№163 орта мектебінің түлегі, жасы жиырмадағы жігіт еңбек демалысында елге келген екен, редакциямызға арнайылап соқты. Кішкентайынан қалаған мамандығына қол жеткізгенін айтады өзі. Мектепті бітірген соң бір жылдан кейін әскер қатарына шақырылыпты. Ақтау қаласындағы № 2201 Теңіз флоты әскери бөлімінде бір жыл солдаттық қызметін атқарыпты. Міндетті әскери өтілін аяқтаған соң бір жылдан кейін құжаттарын дайындап, келісім шартпен осы әскери бөлімге қайта оралады.

– Заставада 25 адам болдық. Кейін техникалық бақылау бөліміне ауыстым. Жеті адамнан тұратын топта барлаушы болдым. Міндетіміз кеме қызметін бақылаймыз, зерттейміз. Топтың құрамында менен басқа 2 оператор, көлік жүргізушіміз де болды. Офицерлеріміз, командирлеріміз бар. Құрлықта жанымызда 12 км жерде ауыл бар. Өзіме әскери өмір ұнады, - дейді Дәулет Мұратұлы.

Қазір ол өзін корабльге ауыстырып жібергенін айтты. 10 күн теңізге шығып, 10 күн құрлықта 4 мемлекетпен шектесетін шекараны бақылауда ұстайды екен.
Біз Дәулеттен жанындағы бірге қызмет ететін жігіттері туралы да сұрадық.

– Барлығы да өз ұлтымыздан. Жаңақорғандық Алмат деген азамат та менімен бірге қызмет етуде. Ол да келісімшартпен келген.

Жанұяда бесеуміз, 4 ұл, 1 қыз, ең үлкені мен. Мен ұлдардың үлкенімін. Алдыңғы ағаға қарап бой түзейтіндіктен әуелі соларға үлгі болғым келеді. Менен кейінгі 2005 жылғы інім қазір ұшқыштар даярлайтын оқу орнында оқып жатыр. Қазір 2-курс студенті, – дейді ол.

Ол әскерде бірге міндетін өтеген 800 солдаттың ішінен 18 бала келісімшартпен сонда жұмысқа қалғанын айтты. Бұл жолы ауылға он күнге демалысқа келіпті.

Әскери қызметі туралы айтып беруін сұрап едік, қатардағы солдат болып жүрген кезінде спортпен жете айналысқанын айтты. Шахмат, шашка, футбол, волейбол сияқты спорттық ойын түрлеріне қатты қызығады екен. Сонымен қатар көбіне кітап оқығанды ұнатады екен.

Бүгінде әлеумет арасында әскери өмірдегі түрлі қауіпқатерлер туралы қауесеттер үйде отырған ата-ананың уайымын қалыңдатып, қайткенде баласын қасында алып қалудың амаләрекетінде жүретінін жиі байқаймыз. Ал шынайы жағдайға келсек, әр ортаның өз тәртіп-талабы, ережесі болатынына сенімділік болу керек. Әскер өмірі көңілінен шықпаса ұландарымыз әскери қызметкер болуға тілек білдірмеген болар еді.

Дәулет сонымен бірге өздеріне көрсетіліп жатқан тұрмыстық-материалдық жағдайдың да жоғары екенін айтты. Бойдақ азаматтар да, жанұялы отбасылар да айлықжалақысынан бөлек пәтерге қосымша қаражат алады екен. Келешекте де кепілдік берілген жеңілдіктер көп. Ең бастысы, Отанға қызмет ету – ең абыройлы борыш. Ол осылай дейді.

Ақнұр Жолдасбек 

12 қараша 2023 ж. 1 729 0