Соңғы жаңалықтар

№101 (8812) 24

24 желтоқсан 2024 ж.

№100 (8811) 21

21 желтоқсан 2024 ж.

№99 (8810) 14

14 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » » Психологиялық тест:ҰНАҒАН ЕСІКТІ ТАҢДА

Психологиялық тест:ҰНАҒАН ЕСІКТІ ТАҢДА

1: Билікке ұмтылғыш болып келеді. Оған күш-қайраты да, ойы да жетеді. Мансапқа жету жолында өзгенің айтқан сақтығын да ескер¬мейді. Шығармашылық ойлау қабілеті өте жоғары. Кез келген жағдайдан шығудың жолын табады. Барға мақтанбайды, жоққа мойымайды. Кейде «бірінші» болу үшін өзгені құрбандыққа шалып жібереді.



2: Мінезіндегі ерекшелік – ынтымақтастық. Олар жақсы жар, сыйлас әріптес, сырлас дос болуға икемді. Екінші жақтың пікірімен есептесіп отырады. Бұл құлдық психология емес, бірақ кейде оны түсінбегендер оны өзіне тәуелді еткілері келеді. Өзгенің тапсырмасын өте ыждағатты орындайды, осы мінезінің арқасында өзіне орынтақ жасайды.

3 Достары көп, көңілділіктің билігінде көп тербеліп жүреді. Олар «ортаның тұздығы», олардың төңірегінде адамдар көп жүреді. Табиғатынан тартымды, сүйкімді, өздері де осы жақсы қасиеттерінің арқасында жақсы көрінетіндіктерін біліп, сол арқылы көрінгілері келеді. Олар жан-жақты, көп нәрсені істей алады, бірақ ең негізгісін таңдай алмайды.

4: Еңбекқор, мықты адамдар. Қоғамдық қарым-қаты¬настардың барлығының негізін қалаушы. Мақсатқа жетудің қысқа жо¬лын таңдамайды. Жаны тәртіптілікті қалайды. Кез келген мәсе¬лені соңына дейін шешуді жақсы көреді. Тәртіпсіздік пен бей-бере¬кетсіздікке жаны қас. Іскер, тапсырманы ақыл мен қисынға салып оңай орындайды, сирек қателеседі. Өте адал, сенімді, айналасындағылардан да соны талап етеді. Әділет¬сіздікке жаны төзбейді.

5: Мінезіне – өзгеріп тұру тән. Көп саяхаттағанды ұнатады. Қызығушылығын, өмірге көз¬қарасын жиі-жиі өзгертіп, іздену үстінде болады. Тұрақсыз¬ды¬ғы да бар. Өмірдің барлық қызығын көріп қалғысы келеді. Қаруы – сөз. Сөзге қатысы бар барлық салада өзін сынап көреді. Ойы жүйрік, әзілге шебер. Бірақ кейде осы қабілетін өзгелерді тұқырту үшін пайдаланады. Жұмыс орнында да көп отырмайды.

6: Білімді, адамгершілігі мол, үйге сыйымды жан. Қайда жүрсе де тыныштық пен үйлесімділікті сақтап отырады. Оны өмір сүрудің өлшемі деп ұғады. Махаббатқа ерекше құрметпен қарайды. Өз отбасына қарым-қатынасын осы негізде құрады. Жа¬қындары¬ның өмірін де жайлы етуге ты¬рысады. Оның көп жауапкерші¬лігін өз мойнына алады.

7: Ойлауға бейімді. Кез келген нәрсені ұсақ-түйегіне дейін ой елегінен өткізеді, сондықтан ол сырт адамға сылбыр, түсі¬ніксіз көрінеді. Өз сезімін сыртқа шығармайды. Өнер «тілін» жақсы түсінеді. Адам қабілеті жетпейтін нәрселердің жауабын жиі іздейді. Философиямен айналысады.
8: Ақшаға байланысты істері өркендейді. Даңқ пен байлыққа жақын жүреді. Материалдық жағдайы үстем болады. Адамдардың жан дүниесін түсінеді, оларға қиналған күндері қол ұшын беруге даяр тұрады.

9: «9» – метафизика мен философияның саны. Сананың жоғары деңгейіндегі адам. Кемеңгер. Саяхаттағанды ұнатады. Мінезін өзгерістер қалыптастыра¬ды. Барлық ұлт пен ұлыстардың әдет-ғұрпын білуге құлшынады. Ел билеушіге тән табандылық пен төзімділікті игерген.

10: Күш-қуаттың қоймасы іспеттес. Ақылды, күшті, шығармашылық қабілеті жоғары. Жолындағы кедергілерді оңай жеңеді. Жеңілістің өзін жеңіске айналдырады. Оны іскерлік қабілеті мен басшылық пайымы үшін ұнатады. Билігін білек күшімен шешуге тырысатын кездері де аз емес. Оны сырт көзден жасыруға тырысқанымен, байқалып тұрады.
18 мамыр 2019 ж. 1 236 0