№102 (8813) 28

28 желтоқсан 2024 ж.

№101 (8812) 24

24 желтоқсан 2024 ж.

№100 (8811) 21

21 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 

Бесіктің қадірі


Қазір ыңылдап өлең айтып, бұрынғыдай бесік тербетіп, баланы уатып отырған ананы көру мұңға айналды. Оның орнына, қай үйге барсаңыз да, борбайқап (памперсті) киіп борсаңдап, шидей бұтына шалысып, буынын баса алмаған бөбекті көресіз. Теледидарға алаңсыз телмірген анасы сағаттап «Қалаулым» мен «Бірболайықты» одан қалды ұзын-сонар сериалдардың «ішіне» кіріп-шығып, қалғыпмүлгіп отырады. Бұдан кім ұтып, кім ұтылады?

  Қазақстанға ғасыр басында мода боп кірген «памперсті» бұтынан тастамаған бозбалалар бүгінде жиырмадан асты. Солардың бірқатары ертеректе алпыстан асқан ақсақалдар амалсыз қаралатын урологтардың табалдырығын тоздыруда. Олардан қайран болмағасын, белсіздікке қарсы қолданатын дәрі–дәрмек іздеп, интернетті ақтарып, шамасы жеткендер құпия сақтайтын әрі сапалы емдейтін шетел дәрігерлеріне жүгінуде.

 Статистикалық мәліметтерге қарағанда, ердің белсіздігі, қыздың бедеулігі салдарынан әрбір үйленген он отбасының жетеуі ажырасып тынуда.

 Қазір борбайқапты аптасына бірнеше блогымен алып жатқан ата-аналар памперстің саудасын одан сайын қыздырып, болашағымызға балтаны өз қолымен шабуда.

 Осылайша бесіктен безіп, жөргектен жерігендер еуропалық болып жатырмыз деседі. Қазір сол Батыс жұртындағы белсіздікке соқтырып, соңы үлкен қатерге әкелген «Procter@Gamble» компаниясының памперс өнімінен еуропалықтар бас тартып, оны ел ішінде пайдаланбау жөнінде түрлі акциялар өткізіп, далаға лақтыруда.

 Маман дәрігерлердің айтуынша, памперстің зиянды тұсы сәби кіші дәретке барған соң, бастапқыда табиғи мүшесінің температурасы көтеріліп, памперске сіңген зәр қайтадан суып, аталық бездің дамуын тежейді. Тартып байлап тастағандықтан ауа өткізбей, жыныс мүшесі әлсірейді. Соңы шыжыңдыққа алып келеді.

 Бұрын ата-бабаларымыз алып жүруге де қолайлы, барынша жеңіл бесіктерімен де көшіп қонды емес пе? Бесікте жатқан баланың ұйқысы да тыныш болатыны белгілі. Бұты да таза. Тамағы да тоқ жатады. Ал қазір қай көше бойымен жүрмеңіз отқа салсаң жанбайтын, суға салсаң батпайтын борбайқаптардың борсыған иісінен басыңыз ауырып, жүрегіңіз айниды.

 Сондықтан бесіктен безу арқылы басқа елдің экономикасына қыруар қаржы құйып қана қоймай, ұлтымыздың болашағына кешегі қуғын-сүргін мен алапат аштықтың әкелгеніндей зор кесепат туғызып, ұлқызымызды белсіздікке соқтырып, тұқымымызды тұздай құртып жатқандығыңызды ескерсеңіз екен. Осы тұста бұл тақырыпты зерттеп, зерделеп, сараптама жасап, тұшымды ой қозғайтын мемлекеттік мекеме, қоғамдық ұйымдар немесе медициналық орындардың болмағаны ма деген заңды сауал туындайды.

Лаура БИБАСАРОВА
03 сәуір 2023 ж. 982 0