№100 (8811) 21

21 желтоқсан 2024 ж.

№99 (8810) 14

14 желтоқсан 2024 ж.

№98 (8809) 10

10 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » » Әке болуды сот тәртібімен тану

Әке болуды сот тәртібімен тану

Некеге тұрмай отбасын құрғандар санының артуына байланысты кейбір қиындықтар жиілеп барады. Өйткені осындай отбасында туылған балаларға қатысты көбінесе әкелікті анықтау қиынға соғады.
Ал егер әкесі ретінде танылмаған адам қайтыс болған кезде ерекше қиындықтар туындайды.
Жас ана кейде қайтыс болған адаммен сәбидің туыстық қарым-қатынасын дәлелдеуі қажет.
Некеде тұрмаған азамат пен азаматшаның қарым-қатынас орнатуының өзіндік жолдары бар. Олар процедураның шарттары мен жүйелілігі бойынша ерекшеленеді. Әкелікті анықтаудың кейбір жолдары ерікті тану; сот шешімінің көмегімен; қайтыс болғаннан кейiн әке болуды анықтауды сот арқылы жүзеге асырады.
Осындай түйткілді мәселенің бірі Жаңақорған аудандық сотында арыз беруші М. арызы бойынша әке болуды тану фактісін анықтау жайлы азаматтық іс қаралды
Жазылған жайдың уәжі: арыз беруші азаматша М,, азамат А-ға 2020 жылдың 30 желтоқсанында тұрмысқа шығып, 2021 жылдың 16 қазанына дейін ортақ шаруашылық жүргізіп, отбасы болып бірге өмір сүрген. Алайда тараптар некесін тіркеуші органда тіркетпеген. 2021 жылдың 16 қазанында азамат А., қайтыс болған. Осы айдың 24 қазанында арыз беруші ұл бала босанып, оның тегі туу туралы куәлігінде анасының тегімен жазылған.
Сонымен қатар арыз беруші жұбайының қайтыс болуына байланысты некесін АХАЖ органдарына тіркетіп үлгермегенін, оның тірі кезінде өзі жүкті болып, жұбайының баланы танып, қуанғанын, ол қайтыс болғаннан кейін некесі тіркелмегендіктен баласы өзінің атына жазылғанын негіздеген.
Қазақстан Республикасының «Неке (ерлі-зайыптылық) және отбасы туралы кодекстің 49-бабының талабы бойынша өзiн баланың әкесiмiн деп мойындаған, бiрақ баланың анасымен некеде тұрмаған (ерлі-зайыпты емес) адам қайтыс болған жағдайда оның әке екенiн тану фактiсi Қазақстан Республикасының азаматтық іс жүргізу кодексіне сәйкес сот тәртiбiмен анықталуы мүмкiн.
Бұл жағдайда арыз берушінің түсінігі және куәлердің куәлік айғақтарымен арыз берушінің 2020 жылғы 30 желтоқсанда азамат А-ға тұрмысқа шығып, некеге тұрмастан 2021 жылдың 16 қазанына дейін отбасы болып, ортақ шаруашылық жүргізгені бекітіледі.
Аазамат А-ның қайтыс болғаны Қызылорда облысы Жаңақорған ауданы жұмыспен қамту, әлеуметтік бағдарламалар және азаматтық хал актілерін тіркеу бөлімінің 2021 жылғы 18 қазандағы қайтыс болуды мемлекеттік тіркеу туралы хабарламасымен бекітілді.
Аудандық соттың шешімімен арыз беруші М. әке болуды тану фактісін анықтау жайлы арызы қанағаттандырылып, оның 2021 жылғы 24 қазанда туған баласына қатысты азамат А.-ның әке болуды тану фактісі анықталды.
Енді сот шешімі күшіне енгеннен кейін арыз беруші азаматтық хал актілерін тіркеу бөлімінен баласына жаңадан туу туралы куәлік алатын болады. Аталған құжатта сот шешімінің негізінде баласының әкесі ретінде марқұм азамат А. Көрсетілетін болады.
P.S. Отбасының әрбір мүшесі, ата-ана, бала – үйдің алтын діңгегі. Осылардың ішінде ерекше алып қарайтын негізгі тақырыбымыз, ол – әке. Қандай ұлағатты сөз! Әке әркімде бар. Әке - жаратылыстың бастауы.
Әлия ТҮБЕКБАЕВ,
аудандық соттың төрағасы
04 ақпан 2022 ж. 383 0