№100 (8811) 21

21 желтоқсан 2024 ж.

№99 (8810) 14

14 желтоқсан 2024 ж.

№98 (8809) 10

10 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » » Ғаламдық заңдылықтар……

Ғаламдық заңдылықтар……

1. «Барға қанағат, жоққа сабыр» заңдылығы
Мидың ара-тұра демалғаны пайдалы. Бүгінге жиырма сегіз іс жоспарлап, соның сегізін ғана орындасаң, бірақ қалғанын істеп тастауға күш-қуат қалмай тұрса, сабыр қыл. Ми сенің бүкіл пәрменіңді орындай алмайды. Оған да өзіне арнайтын уақыт керек. Сырттан ақпарат тықпалап, мазасын алма. Үнсіздікте ми тазарады. Егер жетінші жыл бір жерге егін еге берсең, оның құнары жойылады ғой. Сол сияқты. Сондықтан тыныштықтағы ми – келешектің құнарлы генераторы!

2. Жалған мейірім заңдылығы
Өзгенің проблемасын шешу – көмектесу деп ойлаймыз. Негізінде сол проблеманы одан сайын тығырыққа тіреп жатырмыз. Егер алқашты көтен зорлықпен емдетсек, оның жаны емделмейді. Қайтадан ішіп кетеді. Сосын біз оны жақсылықты білмеген оңбаған деп, қарғап-сілейміз. Әр адам өз қиындығын өзі шеше алады. Ол әр проблеманы шеше отырып, рухани дамиды. Сол арқылы проблемалары да күрделене бермек.

3. Ұсақ-түйек заңдылығы
Адам ұсақ-түйекке қалай қараса, оның болмысы сондай. Ол жылына бір рет жомарт болып, қолда барын шашуы мүмкін. Ал ұсақ-түйек күнделікті алдынан шығады. Сондықтан адамның болмысын осы ұсақ-түйек құрайды. Олар маңыздырақ.

4. Ұрық заңдылығы
Құбылыс пен жағдайдың ұрығы болады. Олар тірі болмаса да көбейе алады. Бір рет кесеңді жумай кетсең, артынша жуылмаған ыдыс-аяқ үйіліп қалады. Шарбаққа бір жазу түссе, артынша ол жазу тақтасына айналады. Кез келген қиянатты ұрығы себілген кезде танып білу қажет. Жамандық бас көтермей тұрып түзеп, жойып тастауды әдет қылу. Егер бір нәрсе көңілге жақпай тұрса – соның ұрығын жой.

5. Дұрысы асырып жібергенше, жеткізбей тастау
Кез келген дүниеге қатысты. Сөз сөйлеп жатсаң, ел шаршамай тұрып сөзіңді аяқта. Кездесуге барсаң, сұқбаттасыңнан бұрын қоштас. Қонаққа барсаң, жұрт жалғыздығына асыққаннан бұрын кетіп қал. Кез келген істе жеткізбей тастау пайдалы.

6. Ортақ ноқта заңдылығы
Екі атты бірдей жексең, олар бір орыннан 15 тонна салмақты қозғай алады. Жеке-жеке 3 тоннаны әрең қозғар еді. Ортақ іске белсене атсалыссаң – ол іс тиімді болмақ. Бір тал ши тез сынады. Он тал шиді сындыру қиындау.

7. Сиқырлы сөз заңдылығы
Ең сиқырлы сөз: «Жоқ» деген сөз екен. Адамдарға дер кезінде жоқ деп үйренсең, көп тығырықтан уақтылы құтылуға болады. Сыпайыгершіліктен уақыт өткізіп, әңгіме соғу. Қарызға ақша бермеу. Шамаң келсе, қайтарымсыз ақша бер. Қарызға деп шаршама. Егер адам қарызға бермеймін деп айтса, оның өзіне деген сенімі артады. Адамдар бас тартуға қорқады. Біреу жақтырмай қалады-ау деп сескенеді. Өзгенің негативін салмақты түрде кері итеруге тырыс. Бірден жоқ десең, оған да, өзіңе де жеңіл болады.

8. Тамаша шарттардың жалғандығы туралы заңдылық
Тамаша жағдай ешқашан болмайды. Сәтті құбылыс өте сирек кездеседі. Оны қолданып қалуға екінің бірінің батылдығы жетпейді. Себебі мүмкіндіктің бәрі тығырықтың астарында тығулы. Тығырықтан шықсаң, мүмкіндіктің есігі ашылады.

9. Ұсыныс заңдылығы
Бір адам мотоцикл сатпақшы. Онысы ескі. Хабарландыру бойынша ешкім хабарласпайды. Аптаның соңында бір адам келеді. Азғантай ақша ұсынады. Иесі келіспейді. Клиент кетіп қалады. Оның басқа ақшасы жоғы анық. «Келісіп жатсаң, хабарлас» деп телефонын қалдырады. Ол адам үш күннен кейін тағы хабарласады. Сол ақшасын айтады. Иесі келіспейді. Бір аптадан соң иесі мотоциклын таппай қалады. Сөйтсе, оны ұрлап кетіпті. Ұсыныс жайдан жай тумайды. Оңынан келтіріп тұрса, азға да қанағат етіп үйрену керек. Саудасы келісіп тұрған затты сата салу маңызды. Құдайдың ісі.

10. Жүйелілік заңдылығы
Бір рет жүйеге түскен құбылыс қайталана береді. Тамаша нәтижеге жеткізеді!

11. Өтем заңдылығы
Бәрі бір мезгілде бола салмайды. Әйелі: сұлу, ақылды, қолынан келмейтіні жоқ, күйеуінің көңілін табатын, баласын да бағатын, ән салып, қонақтарын күліп қарсы алатын, мінезі жайлы, сырлас дос болуы екіталай... Бір адамның бойынан мұнша қасиет табыла бермейді. Наполеон мысықтан қорқатын, Чайковский қағаз жейтін. Суворов үнемі ақымақ болып көрінгенді ұнататын. Егер адам бір салада үлкен жетістікке жетсе, басқа қыры ақсап жататыны бар. Адам кемшіліксіз болғандықтан бағалы емес. Мақтауға лайық қасиетін жетілдіргені үшін қадірлі.

12. Әсер ету заңдылығы
Ортасы адамның қалыптасуына қатты әсер етеді. Медицинада реакция нормасы деген құбылыс бар. Бір адам сымбатты, бір адам толық болуы заңды. Толық болса да сүйкімді, арық бола тұрып сүйкімсіз болатындар бар. Бұл реакция нормасы. Аспаннан жұлдыз әпермесе де, кей адам белгілі бір ортаға түскенде ашылуы мүмкін. Басқа бір ортада керісінше томаға-тұйық боп қалады. Орта көп нәрсеге әсер етеді. Қасымызда жүрген адамдарға ұқсап кетеміз. Жанымыздағыларды өзімізге айналдыруымыз сирек.

13. Тағдыр тәлейі заңдылығы
Әркім көтере алатын тағдырға ие.
14. Қарама-қайшылық заңдылығы
Талантты адамдар қарама-қайшы сезім тудырады: не масаттану, не жеккөрініш. Талантты адамға бейжай қарай алмайсың. Байқамай қалу, бейтарап қалу мүмкін емес. Оларды ұмыта салу мүмкін емес. Талантты жандарды дәйім есте сақтайды, жақсы көреді, жек көреді, олар туралы үнемі ойлайды, істеген ісін қызғанады. Сондықтан сен талантты болсаң, қоғамның толыққанды мақұлдауына ие боламын деп әуреленбе. Таланты жоқтың бәрі саған дұшпан болады.

15. «Сенің адамың емес» заңдылығы
Сенің адамың болмай шықса, бәрібір сенен кетіп тынады.

16. Ортақ жады заңдылығы
Ортақ естеліктер адамдарды біріктіреді. Ортақ естеліктер жақындастырады. Ол тұрақты махаббаттың көрінісі іспетті. Сондықтан біреудің естелігінде бар болсаң, бәрі бекер емес. Есте қалудың жақсы амалы – жақсылық жасау.

17. Ойда ұстау заңдылығы
Көз алдыңда жүрген адам ойламай тұрмайды. Сосын сенің де ойың соған бөлінеді. Қажетсіз адамдардың қауіптілігі осында.

18. Шығын заңдылығы
Адам не істесе де бір қателік кетеді. Сондықтан «шығасы малға, иесі басшы». Шығынсыз – өмір жоқ. Шығынға бола уайымдау бекер. Ғаламның заңдылығы. Бір нәрсені аяп қалдың, ол шығынға апарады. Біздің әрекеттің бәрі ұтымды бола бермес. Шығынды ризашылықпен қабылдап үйрен. Мойынсұну болуы тиіс. Амал жоқ.

19. Жарты әлем заңдылығы
Дүниенің әр картинасын қақ бөліп қарастыруға болады. Бір бірін толықтыратын жартылар. Бастапқы және соңғы. Бастапқы жартысы орындалса, екінші жартысы өздігінен жамалады. Жағдайды басқарудың маңызы осында. Бастапқы жартысын бастасаң, қалғаны өздігінен жалғасады. Кей адам сөз сөйлесе, ел қол шапалақтап тұрады. Неге? Себебі оның сөз сөйлер алдындағы түрі қол шапалақтауға лайық боп тұрған. Ел алдымен мұқият сынайды, сосын жақсы көріп кетеді. Бастапқы жартысы ниеттен, қалғаны жетістіктен туады.

20. Дұрыс әрекет заңдылығы
Егер адам дұрыс әрекет жасаса, оның ісі алға баса береді.

Аударған Шынар Әбілда.
07 тамыз 2021 ж. 475 0