№101 (8812) 24

24 желтоқсан 2024 ж.

№100 (8811) 21

21 желтоқсан 2024 ж.

№99 (8810) 14

14 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » » «Бақытты отбасы» баршаға шуақ сыйлайды

«Бақытты отбасы» баршаға шуақ сыйлайды

Елімізде көпбалалы, толық емес және аз қамтылған отбасыларды қолдау бағытында түрлі іс-шаралар жүзеге асырылуда. Ауданымыздағы жұмыспен қамту орталығында «Бақытты отбасы» ұлттық жобасы ашылдыЖобаның негізгі мақсаты – қазақстандық отбасылар мен балалардың әл-ауқатын арттыруСоның негізінде кедейшілік шегінен төмен отбасыларға көмек беріледіАл ондай отбасында жұмысқа жарамды адамдар болсаоларға арнайы оқу курстарынан өтугегрант пен шағын несие алуға ұсыныс жасаладыБұдан бөлекбаспанаға зәру көпбалалы және толық емес отбасыларға арендалық пәтерлер беріледіБұның барлығын мемлекеттік және жергілікті атқарушы органдар іске асырады.
Атаулы жобаның ашылу салтанатына аудан әкімі Руслан Рүстемұлы қатысып, өз сөзінде «Nur Оtan» партиясының «Бақытты отбасы» жобасы аясында жүзеге асқан отбасы орталығының осал топтарға озық үлгіде қызмет көрсететінін әрі табысы төмен отбасыларға тиімді ұсыныстар беретінін айтты.
– Тәуелсіздігімізді алып, дамудың даңғыл жолына түскен уақытта алдымызға төрт бірдей қастерлі міндетті қойдық. Тәуелсіз мемлекеттің іргетасын қалау, әлеуметтік бағдарланған қоғам құру, нарықтық эканомиканы қалыптастыру  және қоғамдық ойды қайта құру, қайта жаңғырту. Міне, біз осы негізгі міндеттен ешқашан айныған емеспіз. Қазақстан Республикасының тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың және үкіметтің, аймақ басшыларының қолдауымен елімізде бірқатар жұмыстар атқарылуда. Аз қамтылған отбасыларды қолдаудың басым­дығының бірі ретінде «Бақытты отбасы» жобасы аймағымызда,  өңір-өңірлерде кезең-кезеңімен жүзеге асып жатыр. Міне, біз аудандық бюджеттен арнайы қаржы бөліп, жобаны жүзеге  асыруға мүмкіндік беріп отырмыз. Қазір жоба жұмыспен қамтуорталығының жанынан сәуір айынан бастап іске кірісті.  «Бақытты отбасы» жобасы бекерден бекер ашылып отырған жоқ. Әрбір мемлекеттің құрылымы шағын отбасынан құрылады. Отбасы осы тұрған әрқайсымыздың өскен ұямыз, тәлім-тәрбие алған ыстық мекеніміз. Сондықтан әрбіріміз отбасын қадірлеп, оның құндылығынсақтасақ мемлекетіміз де мықты болады.
Отбасы деген сөздің өзі «отау» деген сөзге барып тіреледі. Халқымыз от деген ұғымның өзін үшке бөліп қарастырады От, ошақ, күл. Бұл дегеніміз адамның ойы мен сөзі, іс-әрекеті – осы үшеуінің үйлесімі. Жақсы ойласақ, аузымыздан жақсы сөз шықса, жақсы әрекет етсек жердің беті жақсы жағымды жаңалыққа толы болады деп ойлаймыз деді, – аудан әкімі Руслан Рүстемұлы.
Мұнда көпбалалы аналар өздерін алаңдатқан мәселелер бойынша келеді. Орталыққа әсіресе атаулы әлеуметтік жәрдемақы алу жүгінетіндер көп. Оларға жан-жақты қолдау көрсетілуде. Бұдан бөлек, баспанаға зәру көпбалалы және толық емес отбасыларға төменгі пайызбен «Бақытты отбасы» бағдарламасы бойынша пәтер алу жолдары бойынша кеңес беріледі.
Аудандық жұмыспен қамту бөлімінің басшысы Жаңабек Тұрлыбеков жұмысқа орналастыру, еңбекке тарту мәселелері жөнінде айта келе, тұрғындарды жұмысқа орналастыруда жұмыс беру тәртібі қалай іске асатынын түсіндірді. Кәсіпкерлікті қаржылай қолдау қорлары арқылы жеңілдетілген несие алып, кәсіп ашудың жолдары айтылды. Ол сондай-ақ, еңбек етемін деген жандарға мемлекет тарапынан қолдау көрсетілетінін жеткізді.
– Бұл өте сауапты, өміршең жоба. Бастама отбасы құндылығын дәріптеуді, ана мен баланың арманын орындауды, мәселелерін бірігіп шешуді, қолдан келгенше бағыт-бағдар беруді көздейді. Әрі әлеуметтік осал топтар мемлекет қолдауынан тыс қалмау үшін арнайы жоба жасақтап, соның негізінде кешенді жұмыстар жүргізу қажеттігін алға шығарып отыр. «Бақытты отбасы» жобасының негізі осылай қаланған. Жоба көпқырлы. Елбасы атап өткендей бұл тек анда-санда азық-түлік таратып, материалдық қолдау көрсетумен шектелмейді. Бұдан бөлек, қолдауға зәру отбасына құқықтық кеңес беру, жұмысқа орналасуына көмектесу, қоғам сұранысына сай кәсіп меңгеруіне қол ұшын созу, сонымен бірге жеке кәсіп ашамын дегендерге мемлекеттік грант тағайындау тетіктері жасалды дейді, – жұмыспен қамту орталығының басшысы Жаңабек Тұрлыбеков.
Сондай-ақ, аналарға ыңғайлы болу үшін орталықта шеберлік сыныптар, арнайы балаларға арналған ойын бұрышы орналастырылған. Аталмыш орталықтардың ашылуы бүгінгі күннің талабынан туындап отыр. Құтты мекенде жұмысын бастаған орталық дүйсенбі-жұма күндері тұрғындарды қабылдайды. Орталық ата-ана мен балалар арасындағы қарым-қатынасты нығайтып, отбасылық мәселелерді шешуге негіз болмақ. Бұл жерде ұлттық құндылықтар да насихатталады.
Әсел РЗАЕВА
11 сәуір 2021 ж. 507 0