Соңғы жаңалықтар

№101 (8812) 24

24 желтоқсан 2024 ж.

№100 (8811) 21

21 желтоқсан 2024 ж.

№99 (8810) 14

14 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » » Келін қолынан шәй ішу дәстүрі

Келін қолынан шәй ішу дәстүрі


Келін түсіргеннен кейін тойға келгендер тарқап, үй иелері оңаша қалған кезде жақындар келін қолынан шай ішуге жиналады. Келгендерге келін қолынан әзірленген дастарқан жайылып, келін шәй құяды. Бұл дәстүрдің екі мағынасы бар. 
Біріншіден, келіннің үйшаруасына, дастарқан берекесіне ыңғайын байқау. Жас келін мұндайда кесені сылдырлатпай, баппен шай құя отырып, өзін танытады, шеберлігін, ыңғайын байқатады. Екіншіден, келін қолынан ене шалқып, ата шалқайып отырып қызыл күрең шәй ішу - бір үлкен жетістік, қуаныш. "Біздің бала ержетіп, келін түсірді, ата-ене атандық, қолымыз ұзарды", - деп мақтанады, өзгелер алдында бедел, мәртебеге ие болады.
Келін болып түсіп, ата-ене алдында шайқұйып отырған жалғыз қызынкөріп, бір құдағи: Шәй құйыпқызым сызылды-ай, Көңілім қаттыбұзылды-ай. Құдағи отыр қайқиып, Құдам отыр шалқиып, - деп көзіне жас алған екен. Сөйтіп, келін түсіру тойының аяғы оның қолынан шай ішумен аяқталып, жас адам осы үйдің өз адамының бірі қатарында өмірге араласып кетеді.


Oinet.kz
29 қазан 2020 ж. 1 500 0