№25 (8939) 7

07 сәуір 2026 ж.

№24 (8938) 4

04 сәуір 2026 ж.

№23 (8937) 31

31 наурыз 2026 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
27282930 
» » » Олимпиада чемпионы Жақсылық Үшкемпіров өмірден озды

Олимпиада чемпионы Жақсылық Үшкемпіров өмірден озды

Олимпиада чемпионы Жақсылық Үшкемпіров 70 жасында қайтыс болды, деп хабарлайды Қазақстан грек-рим, еркін және әйелдер күресі федерациясы.

Үшкемпіров Жақсылық 1951 жылы 6 мамырда Қазақ КСР Жамбыл облысы Свердловск ауданы Чапаев кеңшарында дүниеге келген.
Ол классикалық күрестен кеңес спортшысы, КСРО еңбек сіңірген спорт шебері, Қазақ КСР-нің еңбек сіңірген жаттықтырушысы. Классикалық күрестен Олимпиада чемпионы. Еркін күрестен Қазақ КСР чемпионы. Әлем чемпионы (1981), Әлем кубогының екінші жүлдегері (1982), Еуропа чемпионатының екінші жүлдегері (1980), КСРО екі дүркін чемпионы (1975, 1980), КСРО чемпионатының күміс жүлдегері (1978, 1979), КСРО чемпионатының қола жүлдегері (1973, 1977) , КСРО халықтарының спартакиадасының чемпионы (1975).
2019 жылы Жақсылық Үшкемпіровтің өмірі туралы «Жақсылық» көркем фильмі түсірілді. 
03 тамыз 2020 ж. 596 0