№102 (8813) 28

28 желтоқсан 2024 ж.

№101 (8812) 24

24 желтоқсан 2024 ж.

№100 (8811) 21

21 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » » Әйелге керек кеңес...

Әйелге керек кеңес...


- Түнде жатқан төсегіңді таңертең өзің жина. Жиналмай қалған көрпе жастықтың ішіне сайтан кіріп алады да, адамға жамандық тілейді. Жиналмаған төсек-орын жаугершілікті (жауласу, дауласу) де еске түсіреді. Төсектің жиналмауы - әйелге де сын. «Салпы етек, салақ, бос әйел» деген қаңқу сөз тарайды. Сөзге іліккен әйелдің үйінен құт қашады.
- Қазақта әйел еркектің алдында төсін жарқыратып бала емізіп отырмайды. Ердің көзі сүйекке түсуі мүмкін. Бұлай істесе сұқ көз қадалады, (көз тисе әйел қатты ауырады да сүті көк су болып, бала ембейді) тіл тиеді. Соның салдарынан төсі қараяды, омырауы іседі. Тас емшек болып омырауынан сүт қашады. Сүт болмаған соң, құт та болмайды, құшағы суық, бауыры тас болады деп жориды.
- Әйел кісі итке тас лақтырмайды. Бұлай істесе үйінің құты қашады. Ит – жеті қазынаның бірі, шамданады. Әйел қолының берекесі қашады, ырысы қашады деп ырымдаған.
- Әйел мал бауыздамайды. Басқа амал болмаған жағдайда (7 жастан асқан ер балаға пышақ ұстатып, өзі бауыздайды) тіреуішке мініп бауыздайды. Өйткені әйел мал бауыздағанда сескенеді. Сескеніп бауыздаған малдың еті мәкіру саналады.
- Әйел пышақ қайрамайды, жаниды. Пышақ қайраса еркегінің сағы сынады деп айтады.
- Жерік болған әйел жерік асын жеуі керек. Жерігі қанбаған әйелдің баласы су ауыз болып туады, ондай бала суайт болады деп ырымдады.
- Той жасап, үйінен ұзатылған қыз кетіп бара жатқанда артына бұрылып қарамайды. Бұлай істесе – некесі бұзылады, күйеуімен отаспай, үйіне қайтып келеді деп жориды.
- Әйелге бүйірін таянып тұруға болмайды, өйткені күйеуін жоқтаған әйелдер ғана солай істейді.
- Әйелге түнде суға баруға болмайды, өйткені қорқып, шошыма ауруына ұшырауы мүмкін.
- Екіқабат әйелге түйе етін жеуге болмайды, әйтпесе ол баланы 12 ай көтереді. Егер ол 12 айда да тумайтын болса, бураның мойнына ақ мата салып, содан аттап өтуі керек.
- Жүкті әйел жеңіл босану үшін толғатқан кезде оған тиісті барлық сандықтар ашылып қояды. Ең маңызды сөзді құлағына айту керек.
- Жаңа босанған әйел киіз үйге кірген итті қумайды, егер қуса, тістері түсіп қалады.
- Әйел отынды ошақтың үш бұтының үстінен асырып жинап қойса, күйеуі басқа әйелге үйленеді.
- Қонақ қыз босағаға емес, қарт, абыз отыратын құрметті орынға отырады. Әйтпесе үй иесі бақытсыздыққа ұшырайды.
- Екіқабат әйел керілген арқаннан аттап өтпейді, өйткені босанған кезде баланың кіндігі мойнына оратылып, тұншығуы мүмкін.
- Әйел аттылы ер адамның жолын, үлкендердің алдын кесіп өтсе, сәтсіз (бақытсыз) жағдайға душар болады.
- Әйелге шашын отқа тастауға болмайды. О дүниеде құдай әйелдер мен қыздардан «саған берген шашымды қайда тастадың» (ерте шетінеген баласы болса сенің шашыңды аламын деп қолы күйіп қалады деген) деп сұрайды. Әйел тарақ жүзіндегі шашты жинап, аяқ баспайтын жерге қоюы керек.
- Кір жуғанда кірдің суын жолға, аяқ астына төгуге болмайды. Кірдің суын басқан адам жаманшылыққа ұшырайды.
- Түн ішінде кір (өлген адамның ғана киімін түнде жаяды) жаймайды. Өйткені әйел қорқып, шошыма ауруына шалдығуы мүмкін.
- Әйелге шашын жайып жүруіне болмайды. Өйткені қаралы әйел ғана шашын жайып жіберетін болған.
- Жұма күні кір жууға болмайды. Жұма күні кір жуса - әруақтар риза болмайды.
- Айт мейрамы кезінде кір жууға болмайды. Өйткені Айт - қазақ халқының діни мейрамы, қасиетті мерекесі.
- Қызға құйымшақ жегізбейді. Құйымшақ жесе, жеңілтек болады деп санайды.
- Түсік тастамасын деп жас әйелдің етегін (туысы қайтыс болса аяғы ауыр әйел барса, халатының не көйлегінің етегін тігіп қояды) бүріп қояды.
- Екіқабат әйелге ара, қайшы (тоқыма тоқуға, тігін машинасын тігуге болмайды, онда пышаққа түседі) ұстатпайды. Ұстаса, мерзімінен бұрын босанады.
- Екіқабат әйел қоян етін жесе, баласы қоянжырық болып туады.

Материал Вкантакте әлеуметтік желісінен алынды.
18 мамыр 2020 ж. 1 201 0