PDF нұсқалар мұрағаты

№24 (8344) 31

31 наурыз 2020 ж.

№23 (8343) 27

29 наурыз 2020 ж.

№22 (8342) 21

26 наурыз 2020 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2020    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
27282930 
» » АТАҚТЫ ТҰЛҒАЛАРДЫҢ НАУРЫЗ БАТАСЫ

АТАҚТЫ ТҰЛҒАЛАРДЫҢ НАУРЫЗ БАТАСЫ

НАУРЫЗ ТОЙЫНДА ҮЛКЕНДЕР АҚ БАТАСЫН БЕРІП, ЕЛГЕ ТЫНЫШТЫҚ, БАҚЫТ, ЫРЫС-НЕСІБЕ ТІЛЙТІН ДӘСТҮР БАР.БІЗ БҮГІН АТАҚТЫ ТҰЛҒАЛАРДЫҢ ХАЛЫҚ АЛДЫНДА БЕРГЕН БАТАСЫНАН ҮЗІНДІ БЕРЕМІЗ.

Ұлыс күні қазан толcа,
Ол жылы ақ мол болар.
Ұлы кісіден бата алса,
Сонда әрқашан жол болар.

***
Ұлыстың ұлы күнінде,
Ұлың оңға қонсын,
Қызың қырға қонсын,
Дәулетіңді асырсын,
Дұшпаның басылсын.
Менің берген бұл батам —
Ұлыс күнге сақтап жүрген сүр батам
Көже істеген келіндер,
Көпке жаққан елшіл бол.
Бозторғайдай төлшіл бол!
Ор қояндай көзді бол,
Адам таппас сөзді бол!
Қыстан қысырамадық,
Жаз күніндей жадырамадық,
Өткен ай өзімен кетіп,
Туған ай жарылқасын!
Аяз әлін біліп,
Күнекей күн жарылқасын,
Аллаху әкпар!!!

***
Наурыз келіп қар кетті,
Ақ қар, көк мұз жұтатқан
Шаруа елінен зар кетті.
Наурыз келіп жаз кірді,
Жаз періште «Әз» кірді
Күнеске тосып арқасын,
Жан біткенге наз кірді.
Арық - тұрақ төрт түлік,
Көк жеп жапа - тармағай
Қабырға жаппай қалмағай.
Көтеремнің төрт бұты,
Ербегей де сербегей
Енді шығын бермегей.
Бізге келген бәлекет –
Қармен бірге қаңғырып,
Таудан ары өрлегей,
Мұсылман бетін көрмегей.

***
Ұлысың оң болсын,
Ақ мол болсын.
Қайда барса жол болсын!
Ұлыс бақты болсын,
Төрт түлік ақты болсын!
Ұлыс береке берсін,
Бәле - жала жерге енсін!

***
Жаңа жыл бақыт жылы болсын,
Малың тоқ,
Уайым - қайғың жоқ болсын.
Көген толы қозы,
Желі толы құлын болсын.
Малың базарлы,
Ұлың назарлы,
Қызың ажарлы болсын!...
Жарылқа, тәңірім, қабыл ет.
Қарық қып құтты Наурыз
Құрдасыңа – қуаныш бол
Уа, жаратқан, жарылқа
Құдайдың өзі сөйтіп оңдасын

Мұзафар Әлімбаев
Қарық қып құтты Наурыз,
Қазанға толсын сары уыз.
Қайнасын Наурыз көже де,
Толтырып ішкей кезеңе.
Ұлыстың ұлы күнінде,
Көппенен бірге күлімде.
Көбейсін жаңа достарың,
Молайсын елге қосқаның.
Жарасып көңіл хоштығы,
Бекісін халық достығы.
Ішінде жүрсе азғана,
Шайылсын өкпе, наз - нала.
Алдыға сыймай сәбилер,
Құшағын жайсын жаңа үйлер.
Жастардың самсап отауы,
Мейірім төксін Отаны.
Әспеттеп ата дәстүрін,
Әсем боп өссін жас буын.
Кірбің тартпасын кәрілер,
Барыңның дәмді нәрін бер!
Дүрлеген Қазақстанға
Таңғалсын дос та, дұшпан да!

***
Оразақын Асқар
Ниеттерің ақ болсын,
Наурыздың ақша қарындай.
Бастарыңа бақ қонсын,
Шашыңның барлық талындай.
Санасы өсіп адамның,
Көңілде кір қалмасын.
Құты қашып жаманның,
Жақсы тапсын жалғасын.
Тыныш болсын даламыз,
Түгел болсын нуымыз.
Таза болсын ауамыз,
Тұнық болсын суымыз.
Қатыгездік жоқ болсын,
Оралмасын кез өгей.
Кірісіміз көп болсын,
Бүгінгі Наурыз көжедей.
Аллаһу акпар!
12 наурыз 2020 ж. 63 0