№101 (8812) 24

24 желтоқсан 2024 ж.

№100 (8811) 21

21 желтоқсан 2024 ж.

№99 (8810) 14

14 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » » Түркістан өлкесін зерттеген ғалымды танисыз ба?

Түркістан өлкесін зерттеген ғалымды танисыз ба?

1850 жылы 9 қаңтарда орыс геологы және географы, Түркістан өлкесін алғаш зерттеушілердің бір Иван Васильевич Мушкетов дүниеге келді.
Ресейдің Волгоград облысында туған. Санкт-Петербор тау-кен институтын бітірген. Түркістан генерал-губернаторының жанындағы ерекше тапсырмалар бөлімінде қызмет істеген. 6 рет ғылыми-зерттеу экспедицияларына қатысып, Тянь-Шань, Жоңғар (Жетісу) Алатауы, Памир-Алай тауларын зерттеді. Түркістан өлкесінің картасын түзетіп, толықтыруға ат салысты. Орта Азия тау тізбектерінің орографиялық кұрылысы туралы бұрынғы түсінік өзгертіліп, Тянь-Шань мен Памир-Алтай тауларының солтүстікке қарай иілген ендік доғалардан тұратындығын анықтады. 1884 жылы Г.Романовскиймен бірге Түркістанның тұңғыш геологиялық картасын жасады. Арал Қарақұмының шығу тегін, Каспий теңізі деңгейінің көтерілу мөлшерін зерттеп, Батыс Қазақстанда геологиялық және географиялық бақылаулар жүргізді. 1887 жылы Верныйға (қазіргі Алматы) келіп, жер сілкіну себептерін және оның зардаптарын анықтады. Өлкедегі зерттеулерін 2 томдық «Түркістан» деп аталатын еңбегінде қорытындылады. Бұл еңбекте аймақтың тұңғыш геолог және орографиялық толық сипаттамасы берілді. Әр жылдары Оңтүстік Оралда, Кавказда геологиялық және кен барлау жұмыстарымен айналысты. 2 томдық «Физикалық геология» атты теориялық еңбегі жарияланған. Мушкетов құрметіне Сібірдегі тау, Тянь-Шаньдағы мұздық аталған.
09 қаңтар 2020 ж. 1 422 0