Құрылтай

№51 (8965) 9

09 шілде 2026 ж.

№50 (8964) 4

04 шілде 2026 ж.

№49 (8963) 30

30 маусым 2026 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Шілде 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031 
» » ҚАЗАҚТЫҢ ҮШ БИІНЕ ДЕГЕН ҚҰРМЕТ

ҚАЗАҚТЫҢ ҮШ БИІНЕ ДЕГЕН ҚҰРМЕТ

Тянь-Шань тауларының үш шыңы Төле, Қазыбек, Әйтеке билердің құрметіне аталатын болды.

Қазақстанның оңтүстігіндегі «Сайрам-Өгем» ұлттық паркіндегі Рощин, Кергелы-Узловая және Студенттер шыңдарының атауы өзгертілетін болды.

Тау шыңдарына қазақтың әйгілі Төле, Қазыбек, Әйтеке билерінің есімдері беріледі. Қазақстанның Түркістан, Қарағанды және Ақтөбе облыстарынан 30 альпинист тау шыңдарын бағындыруға аттанды. Шыңдарды бағындыру үш күнге созылады және 12 тамызда өз мәресіне жететін болады. Альпинистер аталған тау шыңдарына жаңа атауы жазылған тақта орнатпақ.

Альпинистер тауға шығар алдында, оларға әйгілі билердің ұрпақтары бата берді.

12 тамызда Шымкентте аталған жағдайдың құрметіне үлкен мерекелік шара ұйымдастырылып, ұлттық ойындар ойналып, артистер өнер көрсетіп, өңірге экскурсия жасалады.
11 тамыз 2018 ж. 1 285 0