№82 (8995) 29

29 қазан 2026 ж.

№81 (8994) 24

24 қазан 2026 ж.

№80 (8993) 20

20 қазан 2026 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
30 
» » » Бауыржан Момышұлының қанатты сөздері

Бауыржан Момышұлының қанатты сөздері

Мақтау қауіпті нәрсе. Мақтаудың екі түрі бар;Біріншісі-қара ниетті мақтау,екіншісі-ақ ниетті мақтау.
Орынды зіркілдеу-сабақ,орынсыз зіркілдеу-азап.Орынды зіркілдеу жастарды дұрыс жолға,орынсыз зіркілдеу бұрыс жолға салады.
Тәрбиелі-тәртіптің құлы.
Тәртіпті-елдің ұлы.

Анамыздың ақ сүтімен бойымызға дарыған тілімізді ұмыту-бүкіл ата-бабамызды,тарихымызды,ұмыту.

Өзін сыйламаған басқаны сыйлауға қабілетсіз.

Өзінің ұлтын сыйламаған,ұлтын мақтаныш тұта да алмайды,ол сөз жоқ арамза,тексіз әрі қаңғыбас.

Ұлттық мақтаныш-сол ұлттың адамы үшін қасиетті әрі бұзылмас заң.

Еркекті бұзатын екі құмарлық-арақ пен әйел.

Өлімнен қорқуға болмайды.Еңбекке қабілеттіліктен айырылудан қорқу керек.

Өз ұлтын сыйламау,оны мақтаныш етпеу-сатқындық!

Біздің жерімізде еркек-діңгек,әйел-гүл.Діңгек-жапырақсыз,гүлсіз,қазақша айтқанда “қу бас” деген сөз.Әйел-құнарлы топырақ сонда адамзат дәні өсіп жетіледі.Біз сол дәннің жемісіміз.Әйелсіз адамзат “жемісі” ешқашан да болмайды.


08 қараша 2019 ж. 1 373 0