№98 (8809) 10

10 желтоқсан 2024 ж.

№97 (8808) 7

07 желтоқсан 2024 ж.

№96 (8807) 3

03 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » » Қазақ прозасындағы қоңыр күй

Қазақ прозасындағы қоңыр күй


Жуырда Бірлік ауылдық кітапханасында «Қазақ прозасындағы қоңыр күй» тақырыбында жазушы Тәкен Əлімқұловтың 100 жылдығына орай «Сейтек сарыны» атты шығармасынан оқырмандар конференциясы ұйымдастырылды. Жиында «Қара сөздің мəйегі» тақырыбымен кітап көрмесі көпшіліктің назарына ұсынылып, «Тəкен Əлімқұловтың мөлдір əлемі» атты слайд жазушының өмірі мен шығармашылығынан сыр шертті.
Шара барысында кітапханашылар «Сейтек сарыны» повестінің басты кейіпкерлері Сейтек күйші мен оның шəкірті, домбырашы Сəруар бейнесі жайлы толық мағлұмат беріп, оларды оқырманмен таныстырды. Ал, кітапханашы М.Қайратқызы атақты күйші Сəруардан сұхбат алмақшы болған Дəрмен бейнесі жайлы дерек айтып, өз пікірін ортаға салды.
Сондай-ақ, Ж.Тұрғанбай «Тəкен жəне күй өнері» атты тақырыпта қазақ прозасындағы өзіндік стилі бөлек, көркемдік шеберлігі айрықша жазушы Тәкен Әлімқұловтың өнер тақырыбындағы шығармалары əлемдік əдеби туындылардың қатарынан орын алғанын атап өтті.
Иә, бүгінде Тəкен Əлімқұловтың туындылары XXI ғасыр оқырмандарының талғамына сай, таңдап оқитын шығармасына айналып отыр.

Айсұлу АЛДАНАЗАР.
29 қыркүйек 2018 ж. 1 407 0