№100 (8811) 21

21 желтоқсан 2024 ж.

№99 (8810) 14

14 желтоқсан 2024 ж.

№98 (8809) 10

10 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » » "Жаңа толқын" Жастар сыйлығы байқауы өтеді

"Жаңа толқын" Жастар сыйлығы байқауы өтеді

Құрметті жас достар!
Баршаңызға Жаңақорған ауданы әкімінің "Жаңа толқын" жастар сыйлығына құжат қабылдау басталғандығын хабарлаймыз!




Аталған байқауға ауданның 14-29 жас аралығындағы барлық жастар қатыса алады. Жеңімпаз жастарға арнайы аудан әкімінің дипломы мен сыйақы берілетін болады.

Байқау 10 номинация бойынша өтеді.
1. Кәсіпкерлік;
2. Спорт
3. білім және ғылым;
4. өнер мен мәдениет саласы;
5. Құқық қорғау
6. Ауыл шаруашылығы;
7. Қоғамдық қызмет
8. Мобилография;
9. Үздік студент;
10. Тың серпін.
Ескертпе: Номинациялар комиссия шешімімен өзгертілуі мүмкін.

Құжат қабылдау 2022 жылдың 6 желтоқсан, сағат 18:00-ге дейін жалғасады!

Үміткерлердің дайындайтын құжаттары - Жеке куәлік көшірмесі;
- Түйіндеме (3х4 фотосуретімен);
- Өмірбаяны;
- Орта арнаулы немесе жоғары білімі туралы диплом (көшірмесі);
- Әлеуметтік маңызды жобалар және қоғамдық өмірге белсене қатысуы;
- Жетістіктері (алғыс хаттары, мақтау қағаздары, дипломдары және т.б) сканер арқылы жасалған көшірмелері;
- 10×15 және 3×4 фотосуреті (1 данадан электронды нұсқамен)
Құжаттар беттеліп, бекітіліп ұсынылуы қажет (портфолио түрінде).
Ескерту: Тапсырылған құжаттар рәсімдеу талаптарына сәйкес келмеген немесе толық ұсынылмаған жағдайда қарастырылмайды.

❗Ескерту: Аудан әкімінің «Жаңа толқын» жастар сыйлығын бұрын иеленгендер қайта қатыстырылмайды.

Толық ақпаратты Жаңақорған аудандық жастар ресурстық орталығының Инстаграмм, Фейсбук парақшаларынан ала аласыздар!

Байланыс үшін:
Жұмыс телефоны: 21-0-17
Маманның жеке номері: 87755232627 (Бегалиева Сымбат)

Барша қатысушы жастарға сәттілік тілейміз!

28 қараша 2022 ж. 1 056 0