№93 (8804) 23

23 қараша 2024 ж.

№92 (8803) 19

19 қараша 2024 ж.

№91 (8802) 16

16 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930 
» » Қызылорда – республика бойынша ыстық сусыз отырған жалғыз облыс

Қызылорда – республика бойынша ыстық сусыз отырған жалғыз облыс

Қызылорда – республика бойынша ыстық сусыз отырған жалғыз облыс орталығы, деп хабарлайды «Хабар 24».


   Қаладағы 7 жүзге жуық көпқабатты үйдің онында ғана тұрғындар қолын ыстық суға малып отыр. 493 үйдің инженерлік жүйесі әбден тозығы жеткен. Орталықтандырылған ыстық судан күдер үзген тұрғындар жылытқыш құралдар орнатып алыпты. 

Қызылордада сонау 1986-1987 жылдары ыстық су жүйесі құрдымға ұшырап, содан бері тұрғындар тек салқын суды тұтынып келеді. Қазір жаппай жылытқыш құралдарын орнатып алған. Солардың бірі – Саламат Махмұтова.

Саламат Махмұтова, қала тұрғыны: – Электр тоғы болмай қалса, су жылытқыш та жұмысын тоқтатады. Жалпы электр энергиясына төлейтін ақы көптеу шығады. Өйткені балалар жиі суға түседі, ыдыс-аяғымыз бар. Әрине Алматы, Астанадағыдай ыстық су жүйесінің болғанын қалаймыз.

Қала халқының тұрмыс деңгейіне елеулі түрде кері әсер ететін мәселені шешу үшін 5 жыл бұрын пилоттық жоба қолға алынған. Бірақ ол аяқсыз қалды. Өйткені ондаған жылдар пайдаланылмаған инженерлік желілер әбден тозған. Ал оны жөндеп-жамау тұрғындардың өз мойнында. Жылуэлектр орталығының қуаттылығы барлық көп қабатты тұрғын үйлерді ыстық сумен жабдықтауға жеткілікті.

Наурыз Сатханов, «Қызылордажылуэлектрорталығы» МҚК бас инженері: – ЖЭО жылу жүйесінде біздің құзырымызға кіретіні, тек элеваторлық торапқа дейін алып бару жылуды. Әр бөлмедегі жылу, жылы сумен қамтамасыз ету халықтың өз жағынан жасалу керек. Ыстық сумен қамтуға қосымша су ысытатын қазандық қойылса, барлық сұрақ шешіледі. 

Ерлан Жаңабаев, облыстық энергетика және ТҮКШ басқармасы басшысының орынбасары: – Тұрғындар тарапынан қызығушылық болып, кондоминимум обьектісі – сол үйлердің 70% тұрғындары келісімін беріп жатса, Қызылорда ЖЭО мекемесіне ұсыныспен шығу қажет. Сонда ғана ол қосылады. Бұл бағытта тұрғындармен түсіндіру жұмыстарын жүргізіп келе жатырмыз.

Егер ыстық су желісін үйге тартсаңыз, текше метріне 278 теңге төлейсіз, ал ауызсудың текше метрі – 61 теңге. Мамандардың есептеуінше, бұл электр жарығымен жылытқаннан тиімді. Сондықтан энергетиктер тұрғындарды жаңғырту бағдарламаларына белсенді қатысуға шақырады.

Авторлары: Қамбар Бекенов, Қанат Еңсебаев, Руслан Айтмамбетов
21 қараша 2018 ж. 979 0