№100 (8811) 21

21 желтоқсан 2024 ж.

№99 (8810) 14

14 желтоқсан 2024 ж.

№98 (8809) 10

10 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » ҚҰРБАНДЫҚҚА ҚАНДАЙ МАЛ СОЮ КЕРЕК?

ҚҰРБАНДЫҚҚА ҚАНДАЙ МАЛ СОЮ КЕРЕК?

Құрбандық шалғанда оқылатын дұға
  • Нұрғиса Елеубеков (фото)Нұрғиса Елеубеков (фото)
Негізі құрбандықты нақты қай уақытта шалу керек? Арапа күні малды сойып, дайындап қою керек пе, әлде сол күні бауыздала ма? Және құрбандық шалар кезде қандай дұға оқылады? 

Марат, 
Шымкент қаласы

Негізі құрбандыққа мал бауыздау рәсімі Құрбан айт намазы оқылғаннан кейін үш күннің ішінде орындалуы тиіс. Одан бұрын немесе Құрбан айт мерекесі өтіп кеткеннен кейін мал сою құрбандыққа жатпайды. Бұл ретте Ұлық Пайғамбарымыз (с.ғ.с.) былай деген: «Бұл күні (Құрбан айт күні) біздің ең әуелгі ісіміз – намаз оқу. Одан кейін (үйлерімізге) қайтып, құрбан шалу. Кім осыны істесе, біздің сүннетімізге сай жол тапқан болады. Кім (айт намазынан) бұрын құрбандық шалса, бұл бар болғаны бала-шағасына берген ет, құрбандыққа қатысы жоқ». «Кім (айт) намазынан бұрын құрбандық шалса, ол өзі үшін мал сойғаны, кім (айт) намазынан кейін (құрбандық) шалса, ол құрбандығын толық орындаған болып, мұсылмандардың сүннетіне сәйкес амал еткен болады».



Айта кетейік, негізі қолынан келсе, малды құрбандық шалушының өзі бауыздауы керек. Ал егер мал соя алмайтын болса, онда сенімді біреуді өкіл етіп, соған бауыздатқызуға болады. Бұл ретте ерекше айта кететін нәрсе, түйеден басқа малдар сол жамбасына жатқызылып, басы құбылаға қаратылып дұға айтылып барып бауыздалады. 

Құрбандық дұғасы: «Алла һума инни уажжаһту уажһи лилази фатириссамауати уал арзи, уама әнә минәл мүририкин. Аллаһу әкбар, Аллаһу әкбар. Лә иләһа илләл-лоһу уол-лоһу әкбвр. Аллоһу әкбар уа лилләһил – хәмді». Осы тәкбірден соң: «Бисмилләһи, Аллоһу әкбар», - дейді де, өткір пышақпен малды бауыздайды.

04 тамыз 2019 ж. 1 864 0