Тамызда қазақстандықтарды не күтіп тұр?
Нумерологтан болжам: Тамыз айында қазақстандықтарды не күтіп тұр
Белгілі нумеролог Динара Бақтыбай тамыз айына болжам жасап, қазақстандықтарды не күтіп тұрғанын айтты, деп хабарлайды Stan.kz тілшісі.
Нумерологтың айтуынша, тамыз айы 11 санының әсерінен аса күшті энергияға толы болады. Адамдар нақты шешім қабылдауға қиналып, әр нәрсенің ортасын табуға қиналады. Әсіресе, өзі сенімсіз болған іске ақшасын салғысы келетін жандардың сақ болғаны жөн. Өйткені болашақта осы шешімге бола үлкен шығынға батуы мүмкін.
Жаздың соңғы айында адамдардың бір-бірімен қарым-қатынасы тұрақсыз болып, үнемі ұрысып жүретін болады. Осы орайда сөз бен жасап жатқан әрекетке абай болған артықтық етпейді. Ашуға бой алдырып айтқан әрбір ауыр сөзіміз адамның жүрегіне мәңгілік жара салуы мүмкін.
«Тамызда адамдар өмірлік сүйіктілерін жолықтырады»
«Өкінішке орай, тамыз айында өзімшілдікке бой алдырамыз. Сол себепті жеке және іскерлік қарым-қатынаста жанжал болуы әбден мүмкін. Қалай болғанда да, жақындарымыздан теріс айналып кетпегеніміз жөн. Себебі, араға уақыт салып бұл әрекетіміздің дұрыс еместігін түсінеміз. Ал мұндайда екінші тараптың бізді кешіретініне кім кепіл? Оның үстіне бізден көңілінің суып қалатыны сөзсіз. Тіпті, қарапайым өтіріктің өзі беделімізге нұқсан келтіреді», - дейді нумеролог.
Жақсы жаңалық – тамыз өмірлік серігін таба алмай жүргендер үшін тамаша мүмкіндік болмақ. Нумеролог кез келген адамның бақытты болуы өз қолында екенін айтады. Осы орайда маман ойламаған жерден өмірімізде пайда болған адамдардан қашқақтамай, ересек адамдардай әрекет етуге кеңес берді. Себебі, бұл адамдар біздің тағдырымызды түбегейлі өзгертуі мүмкін.
«Бұл ай жалғыздықтан жалыққан адамдар үшін пайдалы болмақ. Маңдайыңызға жазылған сүйіктіңізді күтсеңіз, отыра бермей әрекет жасаңыз. Тағдырыңыздың тізгінін өз қолыңызға алатын болсаңыз, тамыз айында қосағыңызды табуыңыз бек мүмкін. Өміріңізде бірінші рет көріп тұрған, таныстықты енді бастап жатқан адамдарға мұқият болыңыз. Олардың тағдырыңызға әсер ету салмағы басым екені сөзсіз. Алайда жақсы немесе жаман жағынан екенін уақыт көрсететін болады», - дейді Динара Бақтыбай.
«Санмен жұмыс істейтін мамандық иелерінің жолы болады»
Әрі қарай нумеролог шығармашылық адамдарына уақытты соза бермей демалыс алуға кеңес берді. Десе де тамызда көптеген мамандық иелерінің еңбегі жемісті болып, ақталмақ. Сол себепті жасаған әрбір іске мұқият болған артықтық етпейді.
«Тамыз айы ауыл шаруашылығымен айналысатын адамдар үшін жемісті болмақ. Олар ежелгі Мысыр құдайы Прозерпинаның қарауында болғандықтан, егіндері жақсы өнім береді. Сондай-ақ, бұл ай сандармен жұмыс істейтін мамандық иелері үшін ерекше қолайлы болмақ. Олар – есепшілер, қаржыгерлер, экономистер мен ғалымдар. Ал шығармашылық адамдарына керісінше демалыс алуға кеңес беретін едім. Себебі, олардың шабыты тек тамыз айының 20-жұлдызынан бастап артады», - дейді Динара Бақтыбаева.
Тамыз айында біраз адамның денсаулығына қауіп төніп тұр. Аурулардың асқынуына күннің шектен тыс ыстық болуы әсер етеді. Сондай-ақ, 11 саны да денсаулық мәселесіне келгенде, кері әсерін көбірек тигізеді.
Ал кімдер үшін қолайсыз болмақ?
«Кез келген айдың 2, 8, 11 жұлдызында дүниеге келген адамдардың денсаулығына мән бергені дұрыс. Бүйрек, көз, өкпе секілді сыңары бар дене мүшелері ауырады. Ал белгілі бір нәрсеге тәуелділігі бар адамдардың тәуелділігі арта түседі», - дейді нумеролог.
Тамыз – жаздың соңғы айы. Сабыр сақтап, әр нәрседен жақсылық іздеуге тырысыңыз. Егер осы нәрсе басты қағидаңыз болса, бұл жаздың мәңгілік есіңізде қалары сөзсіз.