№93 (8804) 23

23 қараша 2024 ж.

№92 (8803) 19

19 қараша 2024 ж.

№91 (8802) 16

16 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930 
» » Қара зере майының пайдасы

Қара зере майының пайдасы



Қара зере майы – ерте заманнан бері, өзінің емдік қасиеттерімен танымал. Зерттеулерге сәйкес, адамның денсаулығына үлкен пайда тигізетіндігі анықталды. Қазіргі уақытта, ол медицинада және косметологияда кеңінен қолданылады.
Мұхаммед Пайғамбар (с.а.с.) қара зере майы – өлімнен басқа, барлық ауруды емдей алады деп айтқан. Ал, Ежелгі Мысыр билеушісі Клеопатра – бұл майды өз сұлулығын сақтау үшін пайдаланған. Оның емдік қасиеттері: Иммундық жүйені күшейтеді. Бүйректегі және қуықтағы тастарды ерітеді. Көптеген вирустар мен бактерияларды жояды. Ішектегі паразиттерді шығарады. Есте сақтау қабілетін жақсартады. Артериялық қысымды төмендетеді. Тәбетті ашады. Холестеринді азайтады. Ауырсынуды жояды. Пайдасы Асқазан-ішек жолдары үшін өте пайдалы. Ол – ішек микрофлорасын қалыпқа келтіреді, диярея және метеоризмнен құтқарады. Американдық ғалымдар, қара зере майын онкоголиялық аурулар кезінде қолдануға болатындығын мәлімдеді. Оның құрамында тимохинон және тимогидрохинон бар. Бұл заттар – қатерлі ісік жасушаларын 52%-ға азайтады. Әйелдердің етеккір циклін және жыныстық мүшелерінің қызметін ретке келтіре алады. Емізу кезінде майды ішіңіз, ол лактацияны жақсартады. Диабеттен зардап шегетін адамдарға көмектеседі. Өйткені, қара зере майы қандағы инсулин деңгейін нормаға келтіреді. Сонымен қатар, бұл дерттің пайда болуын болдырмайды. Оның көмегімен: экзема, дерматит, псориаз, жаралар және безеу сияқты тері ауруларын емдейді. Сондай-ақ, ауыз қуысына тигізетін пайдасы мол. Тістің ауруы, пародонтит, тіс еттерінің қабынуы және т.б. проблемалар кезінде қолдануға болады. Жүрек-тамыр жүйесіне оң әсерін тигізеді. Бұл май – капиллярларды күшейтеді, қан айналымын жақсартады және ұйыған қанның пайда болуына жол бермейді. Майдың құрамындағы фитостерол – ер адамдардың ағзасындағы тестостерон өңдірісін жақсартып, олардың әлеуеті (потенция) күшейеді. Дәрігерлер, бұл маймен простатитті емдеуге және алдын алуға кеңес беруде.

19 шілде 2019 ж. 1 872 0