№71 (8985) 19

19 қыркүйек 2026 ж.

№70 (8984) 15

15 қыркүйек 2026 ж.

№69 (8983) 12

12 қыркүйек 2026 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
282930 
» » Ажуа құрмасының қасиеті

Ажуа құрмасының қасиеті



Құрманы жәннәттың жемісі деп жатады. Себебі, құрма жайында Құранда бірнеше рет баяндалған. Бірақ, мына ажуа құрмасы тіптен ерекше. Бұны ардақты Пайғамбардың өзі  сүйіп жеген екен. Бұхари хадисінде ол : «Кімде кім таң атысымен ажуаның 7 данасын жесе сол күні оны ешбір у не сиқыр ала алмайды», — деген.


Ажуаның пайдасы өте көп. Мәселен:
— жүрек соғысын қалпына келтіреді
— қан қысымын жақсартады
— нерв жүйелерін қалыптастырады
— тіс өзектерін қатайтады
— көруі нашар адамдардың көзін жақсартады
— шаштың түсуінің алдын алады және т.б
Ажуа құрмасы әсіресе Мәдина қаласында көптеп өседі екен. Сонымен қатар ажуа құрмалардың ішінде бағасы ең қымбаты болып саналады. Қажеттілік туындаған жағдайда дәрігерлер оны аспен бірге жоғарыда айтылған ауруларға тосқауыл болу үшін көптеп жеуге кеңес
береді.
                                                              Дайындаған Лаура БИБАСАРОВА.
10 мамыр 2019 ж. 9 794 0