№100 (8811) 21

21 желтоқсан 2024 ж.

№99 (8810) 14

14 желтоқсан 2024 ж.

№98 (8809) 10

10 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » Күләш Шәмшидинова: "Бүгінде бізге керегі - мұғалімдердің дайындығы"

Күләш Шәмшидинова: "Бүгінде бізге керегі - мұғалімдердің дайындығы"

  "Өздеріңіз жақсы білесіздер, 2016 жылы қыркүйектен бастап жалпы мектептерде жаңартылған білім бағдарламасы енгізіле бастады. Ал осы бағдарламаға байланысты мұғалімдерді даярлау шаралары 2012 жылы басталған болатын. Бірақ соған қарамастан, алдағы үш жылда 140 мың мектеп мұғалімдері қайта даярлау курстарынан өтеді. Себебі бүгінде бізге керегі - мұғалімдердің дайындығы. Бүгінде мектептегі білімнің сапасы, жалпы мұғалімдердің балалармен қарым-қатынасы, ата-анамен қатынасы мұғалімдердің біліктілігіне тікелей байланысты", - деді К.Шәмшидинова Астанадағы көпбалалы аналармен болған кездесуде.
ÐекÑеп мұÒалÑмдеÑÑ ÒайÑа даÑÑÐ»Ð°Ñ ÐºÑÑÑÑаÑÑнан Ó©ÑÐµÐ´Ñ - ÐүлÓÑ Ð¨ÓмÑидинова
 Министрдің айтуынша, үш жылдың ішінде мектепке келіп жатқан псиxологтар мен сынып жетекшілерін де оқыту жоспарланған. Олардың жалпы саны - 85 000 адам. Сондай-ақ, 15 мыңнан астам колледж ұстаздары мен 2 мыңға жуық жоғары оқу орнының оқытушылары қайта даярлау курстарынан өтетін болады.

  «Біз бәріміз оқыдық қой. Сонда оқулықта тақырыпты өткеннен кейін астында сұрақ болатын. Сол сұрақтың жауабы тақырыптың ішінде болды. Қазір біз мұғалімдерге былай айтып жатырмыз, сіздер балаға дайын өңделген ақпаратты бермеңіздер. Балаға сұрақ қою арқылы, есеп шығарту арқылы, тапсырманы орындау арқылы материалды біртіндеп меңгеруге, білімді іздеуге үйретіңіздер деп жатырмыз. Дәл осы тұста мұғалімдердің қиналып жатқаны байқалады. Сол себепті қайта даярлау курстарын ұйымдастырып жатырмыз», - деп атап көрсетті К.Шәмшидинова. Айта кетейік, бүгінгі кездесуде министр мектепте төрт пәнді ағылшын тілінде оқыту мәселесін түсіндірді.

Бұл жөнінде "Жаңақорған тынысы" газеті inform.kz сілтеме жасап хабарлайды.
09 сәуір 2019 ж. 831 0