"Қуаныштымын": Баландин күдіктінің ұсталуына қатысты пікір білдірді
"Қуаныштымын": Баландин күдіктінің ұсталуына қатысты пікір білдірді
Спортшы ұрлықтың екі күн бұрын орын алғанын айтты. Ол оқиға орнына тәртіп сақшыларын шақырған. Полиция қызметкерлері жедел түрде оны және оның достарынан жауап алған.
Артынан Баландин ішкі істер департаментіне барып, арыз жазған. Тәртіп сақшылары оған көлік ұрыларын бір апта көлемінде табуға уәде еткенімен, бұзақыларды бар-жоғы бір-екі күнде анықтаған.
"Әрине, рахмет. Ұрыларды тапқандарыңызға рахмет" , - деді спортшы.
Айта кетейік, бұған дейін Алматыда Дмитрий Баландиннің көлігінің айналарын ұрлап кеткенін хабарлаған болатынбыз. Күдіктіні тұтқындады. Ер азамат өз кінәсін толықтай мойындады.