№100 (8811) 21

21 желтоқсан 2024 ж.

№99 (8810) 14

14 желтоқсан 2024 ж.

№98 (8809) 10

10 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » Жаңадан келген министрлер жайлы не білеміз?

Жаңадан келген министрлер жайлы не білеміз?

Қазақстанда Үкімет құрамына жаңадан енген лауазымды тұлғалар бар. Tengrinews.kz редакциясы жаңадан тағайындалған министрлер жайлы мәлімет жинады.

Күләш Шәмшидинова - білім және ғылым министрі 

Ол 1958 жылы 4 наурызда Алматы облысында дүниеге келген. 1979 жылы әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің химия факультетін бітірген.
Алматы облысының мектептерінің бірінде химия пәнінің мұғалімі болған, Талдықорған облыстық оқытушыларды жетілдіру институтының директорының орынбасары қызметін атқарған. Талдықорғанда № 18 орта метебінің директоры болды. 
1996 жылдан 2002 жылға дейін - Талдықорған әкімінің орынбасары. 2002 жылдың ақпанынан 2005 жылдың мамырына дейін - ҚР білім және ғылым вице-министрі. 2005 жылдың 23 мамырынан 2007 жылдың сәуіріне дейін - "Бөбек" ұлттық ғылыми-тәжірибелік, білім беру және сауықтыру орталығының бас директоры. 2007 жылдың сәуірінен 2009 жылдың қазанына дейін - ҚР білім және ғылым вице-министрі. 2009 жылдың қазанынан 2019 жылдың ақпанына дейін - "Назарбаев Зияткерлік мектебі" АҚ-ның басқарма төрайымы қызметтерінде жұмыс істеген.

Руслан Дәленов - ұлттық экономика министрі

Руслан Дәленов 1975 жылы Целиноградта дүниге келген. Ыстамбұлдағы Мармара университетін тәмамдаған. Еңбек жолын 1999 жылы ҚР Мемлекеттік кіріс министрлігінде бастап, жетекші маман, бөлім басшысы, басқарма басшысының орынбасары және басқарма басшысы қызметтерін атқарған.
2002 жылдың наурыз-қыркүйек айлары арасында ҚР Мемлекеттік кірістер министрлігінің Кірістерді талдау және болжау департаментінде басқарма басшысы қызметін атқарған. Ал 2002 жылдың қыркүйегінен 2003 жылдың мамыр айына дейін ҚР Қаржы министрлігінің Кірістер, конвенциялар және келісімшарттар департаментінің ағымдағы кірістер басқармасының басшысы болған. 
Кейінірек ҚР Қаржы министрлігінің Салық комитетінде кірістерді талдау және ағымдағы болжау басқармасында басшы қызметін атқарады. Кейін Қаржы министрлігінің Талдау департаменті директоры болып жұмыс істейді. 2005-2008 жылдар арасында жеке секторда жұмыс істеген. Ал 2008 жылдың наурызында қаржы вице-министрі болып тағайындалды. 2017 жылдың сәуір айынан 2019 жылдың ақпанына дейін - Ұлттық эконика министрінің бірінші вице-министрі болған. Жаңа лауазымда ол Тимур Сүлейменовтің орнына келді.


Сапархан Омаров - ауыл шаруашылығы министрі

Сапархан Омаров бұл лауазымға Өмірзақ Шүкеевтің орнына келді. Ол 1968 жылы Оңтүстік Қазақстан облысында дүниеге келді. Әр жылдары ҚР Ұлттық комиссияның құнды қағаздар бөлімінің басшысы болған. "Азық-түлік келісім шарт корпорациясы" АҚ вице-президенті болды. ҚР Президентінің Іс Басқармасы Парламентінің Материалдық-техникалық қамтамасыз ету басқармасы басшысының орынбасары қызметін атқарған. 2008-2011 жылдары ҚР Президент Әкімшілігінің Мемлекеттік бақылау және аумақтық-ұйымдастыру жұмысы бөлімінде мемлекеттік инспекторы болған. 2011-2014 жылдары Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитетінің мүшесі болды.

2014-2016 жылдары ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігінің вице-министрі қызметін атқарды. ҚР Парламентінің VI шақырылымының Мәжіліс депутаты. 2016 жылдың наурыз айында ҚР Парламент Мәжілісінің Ауыл шаруашылығы жөніндегі комитетінің төрағасы қызметін атқарған.


22 наурыз 2019 ж. 906 0